Қытай сейсенбі күні Америк Құрама Штаттарынаннан әкелінетін негізгі ауыл шаруашылығы өнімдеріне, соның ішінде тауық еті, шошқа еті, соя және сиыр етіне 15 пайызға дейін қосымша салық енгізетінін жариялады.
Сауда министрлігі жариялаған бұл тарифтер 10 наурыздан бастап күшіне енеді. Бұл салық бұйрығы АҚШ президенті Дональд Трамптың Қытайдан әкелінетін өнімдерге салықты 20 пайызға дейін көтеру туралы бұйрығынан кейін жарияланды.
АҚШ-тан әкелінетін тауық еті, бидай, жүгері және мақтаға қосымша 15 пайыздық тариф енгізіледі. Ал құмай жүгері, соя, шошқа еті, сиыр еті, теңіз өнімдері, жеміс-жидек, көкөніс және сүт өнімдеріне тариф 10 пайызға көтеріледі.
Сейсенбі күні Қытай АҚШ-тың 15 компаниясын сенімсіз компаниялар тізіміне енгізді. Бұл олардың Қытаймен импорт-экспорт жасауына және елде жаңа инвестициялар салуға шектеу қоюы мүмкін.
«Қытай ұлттық қауіпсіздігі мен мүдделеріне қауіп төндіретін 15 АҚШ компаниясын экспорттық бақылау тізіміне қосу туралы шешім қабылдады. Сонымен қатар оларға қос мақсаттағы тауарларды экспорттауға тыйым салады», – деп мәлімдеді Қытай Сауда министрлігі.
Қытай қаңтар айында АҚШ-тың жартылай өткізгіш өнеркәсібіне берілетін субсидияларға тергеу жүргізетінін мәлімдеген болатын. Бұл Қытайдың жетілген чип өндірушілеріне зиян келтіреді деген мәселе туындатты.
Тайваньның АҚШ-қа 100 миллиард долларлық чип инвестициясы
Президент Дональд Трамп дүйсенбі күні тайваньдық чип өндіруші «TSMC» компаниясы АҚШ-та «заманауи» өндіріс орындарын салу үшін кемінде 100 миллиард долларлық инвестиция салатынын мәлімдеді. Бұл оның қызметке қайта оралғаннан кейінгі жеке компаниялардан алған ең ірі қаржылық міндеттемелерден бірі болды.
Трамп Ақ Үйдегі іс-шара барысында «TSMC» Бас директоры С.С. Вэймен бірге «Тайвань жартылай өткізгіштерді өндіру компаниясының жаңа инвестициялары бұрынғы міндеттемелеріне қосымша бес заманауи өндіріс орнын салуға жұмсалады»,- деп мәлімдеді.
Ол қаржының көп бөлігі «TSMC» қазірдің өзінде көп инвестиция салған Аризона штатында жұмсалатынын және бұл мыңдаған жоғары жалақы төленетін жұмыс орнын құратынын айтты.
«TSMC» компаниясы ұзақ уақыт бойы Тайваньнан көбірек өндіріс көшіру туралы талаптармен бет-бет. Өйткені Бейжіңмен кез келген қақтығыс кезінде маңызды технологияларды жеткізу үзілуі мүмкін деген қауіп бар.
Компания бұрынғы президент Джо Байден Үкіметі кезінде Аризонада үш зауыт салуға және $65 миллиардтан астам инвестиция салуға уәде берген болатын. Олардың бірінің өндірісі 2024 жылдың соңында басталды.
Трамп жақында «TSMC» және басқа чип өндірушілерге қысымды күшейтіп, АҚШ-тан тыс жерде өндірілген барлық жартылай өткізгіш чиптерге 25 пайыздық тариф енгізілуі мүмкін екенін мәлімдеді.