Роберт Фрэнсис Прево алғашқы америкалық Рим Папасы атанды
Католик шіркеуінің 267-ші басшысы болып сайланған Роберт Фрэнсис Прево Америка Құрама Штаттарынан шыққан алғашқы Рим Папасы болды.
Роберт Фрэнсис Прево алғашқы америкалық Рим Папасы атанды
/ Reuters
9 Мамыр 2025

Ватикан бұл тарихи жаңалықты ресми түрде жариялады.

Папа Франсуаға жақындығымен танымал және Латын Америкасында, әсіресе Перу елінде миссионерлік қызмет атқарған Прево ымырашыл, орта жолды ұстанатын қайраткер ретінде белгілі. Ол өзінің жаңа папалық есімін  XIV Лео деп алды.

Кардиналдар бейсенбі күні өткен конклавтың екінші күнгі дауыс беруінде дүниежүзіндегі 1,4 миллиард католикке жетекшілік ететін жаңа Рим папасын сайлап, шешімдерін Систина капелласынан шыққан ақ түтін арқылы жариялады.

Он мыңдаған адам Әулие Петр алаңында жиналып, ақ түтін көрінісімен бірге қуаныштан қол соғып, көз жасына ерік берді. Осы сәтте Әулие Петр базиликасы мен Римдегі өзге шіркеулердің қоңыраулары үн қатты.

Қалың жұрт жаңа сайланған 267-ші папаның халыққа алғашқы сөзін арнайтын базилика балконын көру үшін жан-жақтан жиналды. Балкон бұл ерекше сәт үшін қызыл перделермен безендірілген болатын.

Папа Франсуаның мұрагері

Аргентиналық реформашыл Папа Франсуаның орнына сайланған жаңа понтифик латынша папалық есімімен таныстырылып, әлемге алғаш рет үндеу жасады.

Сол сәтте Солтүстік Ирландияның Белфаст қаласынан келген 39 жастағы аспаз Джозеф Брайан: "Бұл — сөзбен жеткізу мүмкін емес керемет сезім,"- деді. Ол бұл тарихи сәтті анасымен бірге тамашалау үшін арнайы Римге келген.

“AFP” агенттігіне берген сұхбатында Брайан: "Мен аса діндар адам емеспін, бірақ осыншама халықпен бірге болу мені терең толқытты," — деді. Оның айналасындағы адамдар қуаныштан секіріп, шаттықпен айқайлап жатты.

Бір діни қызметкер иығына мінгескен адамның қолымен Бразилия туын желбіретіп тұрса, екінші біреуі ауыр айқышты (кресті) жоғары көтеріп, қуаныш пен шаттықтың белгісін көрсетті. Әулие Петр алаңында ерекше әсерлі көріністердің алаңына айналды.

Іздеу
Австралияның оңтүстік-шығысында орман өрттері күшейіп, кең аумақтар жанып жатыр
Израильде әлеуметтік тұрғыда оқшауланған еврейлерді Иран қалай тыңшы ретінде тартты?
Қытайдың Африкадағы ықпалын бұзу күресінде Вашингтон қалай жеңілді?
2024: Газа, Украина және басқа аймақтардағы қақтығыстар жылы
Менің досым Айшенұр әділет пен Палестина бостандығы үшін батыл қорғаушы болды
Израильдің негізін қалаған сионистік лаңкестікке көзқарас
Корея соғысының 70 жылдығы: Оңтүстік Корея халқы әлі де құрметпен еске алатын түрік сарбаздары
Газада бітім: Әлсіз үміт
Израильдің геноцидтік соғысы мұсылмандардан кейін христиандарды да жалмауда
Голан жоталарының маңыздылығы және Израильдің бақылауға алу әрекеттері
Путин: «Егер Украина батыстан ядролық қару алса, Ресей қарудың барлық түрін пайдаланады»
Германия экономикасы неліктен құлдырауда?
Трамп-Нетаньяху қарым-қатынасында жаңа дәуір: адалдық пен шиеленіс
«Өлгім келді»: Асад түрмелерінен аман қалған тұтқын түрмедегі азаптауларды баяндады
Стармер Блэр дәуіріндегі саясатты жаңғыртып, Палестина тақырыбында британдықтардға опасыздық жасауда
TRT Global-ға шолу. Пікіріңіз біз үшін маңыз.
Contact us