Украина Президенті Владимир Зеленский “Ресейдің әуе шабуылы Харьков қаласының солтүстік-шығысында бір адамды өлтіріп, 40-тан астам адамды жарақаттады”, деп мәлімдеді .
Зеленский балаларға арналған саябақ маңындағы азаматтық инфрақұрылымға жасалған шабуылды «террористік шабуыл» деп атады.
«Бұған көз жұмып қарауға болмайды. Бұл ойын емес», – деп жазды Зеленский сенбі күні “Telegram” желісінде. «Күн сайыназаматтарымыз қаза табуда, себебі Ресей жазасыз қаламын деп ойлайды».
Оның айтуынша, Ресей армиясы Украинаға «өлім мен қирату» әкелуде және бейбіт келіссөздерге баруға құлықсыз.
«Ресейліктер соғысты жалғастыруға дайындалып жатыр және бейбітшілік ұсыныстарын елемеуде», – деді Зеленский.
Ол халықаралық қауымдастықты Мәскеуге қысымды күшейтуге шақырып, Ресейдің бұған дейін тек сыртқы қысымның арқасында келіссөздерге келгенін айтты.
Зеленский сондай-ақ майдан шебіндегі жағдайды талқылау үшін әскери шенеуніктермен кездескенін мәлімдеді.
Ол украин күштері орыстың “Су-35” жойғыш ұшағын атып түсіргенін және соңғы күндері Ресейдің үшн «Искандер» зымыран жүйесін жойғанын білдірді.