ТҮРКИЯ
2 минут оқу
Сыртқы істер министрі: «Түркия Пәкістан жағалауында мұнай мен табиғи газ барлау жұмыстарын бастайды»
Екі ел кеңейтілген сауда, қорғаныс ынтымақтастығы және инвесторлар үшін арнайы экономикалық аймақ құрумен қатар стратегиялық байланыстарын теңізде мұнай мен газды барлау жөніндегі тарихи келісіммен тереңдетуді көздеп отыр.
Сыртқы істер министрі: «Түркия Пәкістан жағалауында мұнай мен табиғи газ барлау жұмыстарын бастайды»
/ AA
19 сағат бұрын

Түркияның Сыртқы істер министрі Хакан Фидан Исламабадқа ресми сапары барысында түрік компанияларының Пәкістан жағалауында мұнай және табиғи газ барлау жұмыстарын жүргізетінін мәлімдеді.

Сәрсенбі күні Пәкістан премьер-министрінің орынбасары және Сыртқы істер министрі Мұхаммад Исхак Дармен ортақ баспасөз мәслихатында сөз сөйлеген Фидан Анкараның Исламабадпен стратегиялық салаларда экономикалық және энергетикалық қарым-қатынастарын тереңдету мәселесіне тоқталды. Ол Түркия мен Пәкістанның екіжақты сауда көлемін 5 миллиард долларға жеткізу үшін жұмыс істеп жатқанын айтып, «Тау-кен, табиғи газ, мұнай және сирек кездесетін минералдар саласында ынтымақтастық механизмдерін бағалаудамыз»,- деді.

Фидан сәуір айында Түрік мұнай корпорациясы (TPAO) мен Пәкістанның ұлттық мұнай компаниялары арасында қол қойылған энергетикалық келісімді екіжақты ынтымақтастықты кеңейту жолындағы өте маңызды қадам деп сипаттады.

Бұл келісім түрік және пәкістандық компанияларға Пәкістанның теңіз аймағында мұнай және газ барлау жұмыстарын ортақ жүргізуге мүмкіндік береді. Бұл - Түркия-Пәкістан энергетикалық ынтымақтастығы тарихында бұрын-соңды болмаған қадам.

Фидан: «Бұл - біз алға қойған құрылымдық жұмыстың нәтижелерінен бірі», - деді.

Әріптестікті тереңдету

Исхак Дар Исламабад пен Анкараның экономика, қорғаныс өнеркәсібі, энергетика және инфрақұрылым сияқты әртүрлі салада ынтымақтастықты одан әрі арттыру туралы келісімге келгенін айтты.

Дар Түрік қорғаныс өнеркәсібін мақтап, Исламабадтың қазіргі стратегиялық және қорғаныс өнеркәсібі ынтымақтастығын одан әрі күшейтіп, аймақтағы бейбітшілік пен тұрақтылықты ілгерілетуді қалайтынын мәлімдеді.

Дар екі тарап терроризммен күресте әлеуетті арттыру сияқты әртүрлі іс-шараларға белсенді қатысқанын айтып, түрік компанияларының да энергетика секторындағы жеткізу компанияларының жекешелендіруіне қатысатынын атап өтті.

Арнайы экономикалық аймақ

Екі ел Карачи мен Стамбулда түрік кәсіпкерлері үшін арнайы экономикалық аймақ құруды көздейтінін атап өткен Дар: «Кемені бөлшектеу және сақтау, ауылшаруашылық суын тиімді пайдалану сияқты салаларда Түркияның тәжірибесін белсенді түрде пайдалануды жалғастырудамыз»,- деді.

Дар Исламабад пен Анкараның 11 жылдық үзілістен кейін бірлескен министрлер комиссиясын қайта жандандыруға келіскенін және бұл комиссияға Пәкістан Сауда министрі Джем Кемал мен Түркия Қорғаныс министрі Яшар Гүлер төрағалық ететінін хабарлады.

Дар: «Бұл жұмыстың барлығы келер жылы Түркияда өтетін Жоғары деңгейдегі стратегиялық ынтымақтастықтың сегізінші кеңесі үшін берік іргетас қалайды», - деді.

Іздеу
Трамп АҚШ Орталық банк төрағасының дереу отставкаға кетуін талап етті
Сауд Арабиясы мен Индонезия энергетика және өнеркәсіп келісіміне қол қойды
Илон Масктың «Starlink» компаниясы Шри-Ланкада интернет қызметін іске қосты
Түркия экспортта тағы бір табысқа жетті
Түркияның әуе компаниясы Стамбул – Дамаск бағытындағы алғашқы рейсін игерді
АҚШ Қытайдың екі азаматын тыңшылық жасады деп айыптады
Трамптың 9 шілдедегі тарифтері күшіне енбей тұрып, елдер сауда келісімдерін жасауға тырысып жатыр
Пәкістан мен Үндістанда муссон жаңбырлары мен кенеттен болған сел салдарынан 73 адам қаза тапты
Венесуэла заң шығарушылары БҰҰ жоғары комиссарын "персона нон грата" деп жариялады
Әзербайжан мен Ресей арасында дипломатиялық шиеленіс
Трамп Израильдің Газада 60 күндік атысты тоқтату шарттарына келісетінін айтты
АҚШ Сириядағы "Хайят Тахрир аш-Шам" тобын террорлық ұйымдар тізімінен шығаруды қарастыруда
Қытай Коммунистік партиясының мүшелер саны 100 миллионнан асты
Үндістанда өрттен қаза тапқандар саны 36-ға жетті
Түркия орман өртімен күресуде
TRT Global-ға шолу. Пікіріңіз біз үшін маңыз.
Contact us