Трамп бұрынғы одақтасы Масктың саяси партиясын «сандырақ» деп атады
Трамп: «Әрқашан екі партиялы жүйе болған,  менің ойымша үшінші партия құру тек шатасушылық тудырады»,  - деді.
Трамп бұрынғы одақтасы Масктың саяси партиясын «сандырақ» деп атады
/ AP
3 сағат бұрын

АҚШ президенті Дональд Трамп кезінде Республикашыларды қолдаған технология миллиардері Илон Масктың жаңа саяси партия құруын «сандырақ» деп сипаттады.

Жексенбі күні журналистерге берген сұхбатында Трамп: «Үшінші партия құру - сандырақ», - деді. «Әрқашан екі партиялы жүйе болған, менің ойымша үшінші партия құру тек шатастырады. Үшінші партия ешқашан нәтиже берген емес. Сол себепті ол мұны ермек көретін шығар, бірақ бұл ақымақтық», - деп қосты ол.

Әлемдегі ең бай адам, 2024 жылғы сайлауда Трамптың басты саяси демеушісі болған Маск Республикашылдардың шығындарды азайту және федералдық қызметкерлер санын қысқарту бастамаларына жетекшілік еткен Үкімет тиімділігі департаментін (DOGE) басқарғаннан кейін президентпен келіспей қалды.
Маск президенттің ішкі шығындарды ұлғайту жөніндегі ауқымды жоспары АҚШ-тың қарызын күрт өсіреді деп Трамппен келіспей қалды және осы жоспарға дауыс берген конгресс мүшелеріне қарсы қолынан келгенін жасауға уәде берді.

Сенбі күні «Tesla», «SpaceX» және «X» иесі бұл мақсатына жету үшін «Америка» партиясын құрды.

«БҰЗЫЛУ ЖӘНЕ ХАОС»

Кейінірек Трамп «Truth Social» сайтында Масктың «шектен шыққанын» және «соңғы бес аптада шектен шығудың зардабын шегіп жатқанын» айтты.

Ол үшінші партияның құрылуы «Толық БҰЗЫЛУ мен ХАОС» тудыратынын айтты.

Трамп электромобильдер шығаратын «Tesla» компаниясына иелік ететін Масктың электр көліктеріне субсидияларды азайтатын шығыстар туралы заң жобасына байланысты оған дұшпандық танытты деген бұрынғы мәлімдемесін қайталады. Ал Маск наразылығының негізінен АҚШ-тың бюджет тапшылығы мен мемлекет қарызын ұлғайту туралы заң жобасынан туындағанын мәлімдеді.

Жексенбі күні Қаржы департаментінің басшысы Скотт Бессент Масктың саяси күреске байланысты қадамын сынға алып, компанияларын басқаруды жалғастыру керектігін атап өтті.

«CNN» тарапынан қойылған «Масктың жоспары Трамп әкімшілігін алаңдатты ма?» деген сұраққа Бессент астарлы сын айтты.

Ол: «Менің ойымша түрлі компанияларындағы директорлар кеңесі оның қайта оралып, өзі жақсы білетін осы компанияларды басқарғанын қалайды», - деді.

«Сондықтан директорлар кеңесі оның кешегі мәлімдемесін жақтырмаған болар және
оны саяси емес, іскерлік қызметке көңіл бөлуге шақырады деп ойлаймын», - деді Бессент.

Маск мамыр айында «DOGE»-ден өзінің компаниядағы міндеттеріне толық уақыт бөлу үшін кеткен болатын. Маск Трамптың жанында болған кезде «Tesla»-ның сатылымы мен имиджіне зиян келген.

Іздеу
Трамп АҚШ Орталық банк төрағасының дереу отставкаға кетуін талап етті
Сауд Арабиясы мен Индонезия энергетика және өнеркәсіп келісіміне қол қойды
Илон Масктың «Starlink» компаниясы Шри-Ланкада интернет қызметін іске қосты
Түркия экспортта тағы бір табысқа жетті
Түркияның әуе компаниясы Стамбул – Дамаск бағытындағы алғашқы рейсін игерді
АҚШ Қытайдың екі азаматын тыңшылық жасады деп айыптады
Трамптың 9 шілдедегі тарифтері күшіне енбей тұрып, елдер сауда келісімдерін жасауға тырысып жатыр
Пәкістан мен Үндістанда муссон жаңбырлары мен кенеттен болған сел салдарынан 73 адам қаза тапты
Венесуэла заң шығарушылары БҰҰ жоғары комиссарын "персона нон грата" деп жариялады
Әзербайжан мен Ресей арасында дипломатиялық шиеленіс
Трамп Израильдің Газада 60 күндік атысты тоқтату шарттарына келісетінін айтты
АҚШ Сириядағы "Хайят Тахрир аш-Шам" тобын террорлық ұйымдар тізімінен шығаруды қарастыруда
Қытай Коммунистік партиясының мүшелер саны 100 миллионнан асты
Үндістанда өрттен қаза тапқандар саны 36-ға жетті
Түркия орман өртімен күресуде
TRT Global-ға шолу. Пікіріңіз біз үшін маңыз.
Contact us