Техастағы су тасқынынан қаза тапқандар саны 119-ға жетті
Билік өкілдері төтенше жағдай туралы ескертудің кешігіп жіберілуі және дабыл жүйелерінің жеткіліксіздігі салдарынан 161 адамның әлі де хабар-ошарсыз екенін айтты.
Техастағы су тасқынынан қаза тапқандар саны 119-ға жетті
/ AP
13 сағат бұрын

Билік өкілдерінің хабарлауынша, Техастағы кенеттен болған су тасқынынан қаза тапқандар саны кемінде 119 адамға жеткен, ал 170-тен астам адамды іздеу жұмыстары әлі де жалғасуда.

Ең көп зардап шеккен Керр округінде 59 ересек пен 36 бала, яғни барлығы 95 адамның қаза тапқаны тіркелді.

Билік әлі 27 адамның аты-жөні анықталмағанын хабарлады. Қалған қайғылы жағдайлар көршілес аудандарда болған.

Құтқару операциялары кеңейген сайын, штаттың төтенше жағдай туралы ескерту жүйесіне қатысты сын күшейе түсті.

«Texas Public Radio» және «KSAT» жүргізген зерттеулерге сәйкес, таңғы сағат 4:22-де жіберілуі тиіс болған жаппай ескерту хабарламасы бекітілу мәселесіне байланысты кешіктірілген. Соның салдарынан кейбір тұрғындар су тасқыны қаупі туралы бірнеше сағат өткен соң ғана хабардар болған.

Билік өкілдерінің мәлімдеуінше, тек Керр округінің өзінде 161 адам жоғалып кеткен. Із-түзсіз жоғалғандар қатарында Гвадалупе өзені маңындағы «Camp Mystic» атты қыздарға арналған жазғы лагерьдің бес оқушысы мен бір тәрбиешісі бар.

Үйлеріне оралған тұрғындар көп нәрсенің қирағанын көрді. Билік өкілдері іздестіру топтарының жұмысына кедергі келтірмеуді ескертіп, қирандыларды тазарту үшін ауыр техниканың қолданылып жатқанын атап өтті.

Керр округінің шерифі Ларри Лейта: «Әркім қолынан келген көмегін көрсетуі тиіс», - деді. Сондай-ақ ол: «Жоғалған жақындарын іздеп жүрген отбасыларға, жұртшылыққа және мені осы қызметке сайлаған азаматтарға жауап берілуі керек», - деп қосты.

Дабыл жүйесінің болмауы және байланыс қызметіндегі тұрақсыздық   наразылықты арттыруда.

2015 жылдан бері Керр округі су тасқыны туралы ескерту жүйесін орнату үшін грант алуға өтініш беріп келеді.

Жексенбі күні Трамп әкімшілігі су тасқынын «ірі апат» деп жариялап, құтқару жұмыстарына көмектесу мақсатында федералды ресурстарды жұмылдырды.

Техас штатының губернаторы Грег Эбботт сәрсенбі күні жасаған мәлімдемесінде су тасқынына қарсы штаттан 2 200-ден астам қызметкер және 1 200 техника мен құрал-жабдық жұмылдырылғанын айтты.

Штаттың 20-дан астам мекемесі құтқару және қолдау операцияларына қатысуда.

Іздеу
Трамп АҚШ Орталық банк төрағасының дереу отставкаға кетуін талап етті
Сауд Арабиясы мен Индонезия энергетика және өнеркәсіп келісіміне қол қойды
Илон Масктың «Starlink» компаниясы Шри-Ланкада интернет қызметін іске қосты
Түркия экспортта тағы бір табысқа жетті
Түркияның әуе компаниясы Стамбул – Дамаск бағытындағы алғашқы рейсін игерді
АҚШ Қытайдың екі азаматын тыңшылық жасады деп айыптады
Трамптың 9 шілдедегі тарифтері күшіне енбей тұрып, елдер сауда келісімдерін жасауға тырысып жатыр
Пәкістан мен Үндістанда муссон жаңбырлары мен кенеттен болған сел салдарынан 73 адам қаза тапты
Венесуэла заң шығарушылары БҰҰ жоғары комиссарын "персона нон грата" деп жариялады
Әзербайжан мен Ресей арасында дипломатиялық шиеленіс
Трамп Израильдің Газада 60 күндік атысты тоқтату шарттарына келісетінін айтты
АҚШ Сириядағы "Хайят Тахрир аш-Шам" тобын террорлық ұйымдар тізімінен шығаруды қарастыруда
Қытай Коммунистік партиясының мүшелер саны 100 миллионнан асты
Үндістанда өрттен қаза тапқандар саны 36-ға жетті
Түркия орман өртімен күресуде
TRT Global-ға шолу. Пікіріңіз біз үшін маңыз.
Contact us