АҚШ президенті Дональд Трамптың Украина бойынша арнайы өкілі Кит Келлог Киевке сапарлай барып, Ресейге қарсы санкциялар мен қауіпсіздік мәселелерін талқылау үшін кездесу өткізді.
Украина Президенттік кеңсесінің басшысы Андрей Ермак «Қорғаныс, қауіпсіздікті нығайту, қару-жарақ, санкциялар, халқымызды қорғау, Украина мен АҚШ арасындағы ынтымақтастықты арттыру секілді көптеген тақырыпты қолға аламыз” деп жазды “Telegram” желісінде.
Украина президенті Владимир Зеленский жексенбі күнгі кешкі үндеуінде әскери қолбасшыларға Келлогқа Ресейдің мүмкіндіктері мен Украинаның болашағы туралы ақпарат ұсынуды тапсырғанын айтты.
“Келлог сондай-ақ Украина Қауіпсіздік қызметі мен барлау қызметтерінің басшыларымен кездеседі”, деді ол.
Зеленский кездесулердің апта бойы жалғасатынын атап көрсетті.
Трамп жексенбі күні Ресейдің күшейіп келе жатқан шабуылдарын тойтару үшін Украинаға “Patriot” әуе қорғаныс зымырандарын жіберетінін мәлімдеген еді.