Президент Дональд Трамп Украинаға “Patriot” әуе қорғаныс зымырандарын жіберетінін мәлімдеді. Ол сонымен бірге Ресей Президенті Владимир Путинге деген наразылығын білдірді.
«Еуропалық Одақ зымыран үшін төлейді. Біз ештеңе төлемейміз, бірақ біз оны жібереміз. Бұл біз үшін бизнес болады және біз оларға өте қажет “Patriot” жібереміз», – деді Трамп жексенбі күні Мэрилендтегі “Джойнт Бейс Эндрюс” базасында журналистерге. Бірақ ол Украинаға қанша “Patriot” зымыран жүйесін жіберуді жоспарлап отырғанын айтпады.
«Путин көп адамды таң қалдырды. Ол жақсы сөйлейді, бірақ кешке бәрін бомбалап тастайды, бұл жерде бір мәселе бар: маған бұл ұнамайды», – деді ол.
Трамп НАТО Бас хатшысы Марк Рюттемен кездесетінін айтты. Рютте Вашингтонға екі күндік сапармен барады. АҚШ-та ол Мемлекеттік хатшы Марко Рубио, Қорғаныс министрі Пит Хегсет және Конгресс мүшелерімен де кездеседі.