Трамп Гарвардты «Шетелдік студенттерге тыйым саламын» деп қорқытты
Трамп әкімшілігі Гарвард университетін «наразылықтар мен визасы бар студенттердің әрекеттеріне қатысты Ішкі қауіпсіздік департаментінің талаптарын орындамады» деп айыптады.
Трамп Гарвардты «Шетелдік студенттерге тыйым саламын» деп қорқытты
/ Reuters

Америка Құрама Штаттарының Ішкі қауіпсіздік департаменті Гарвард университеті Трамп әкімшілігінің талаптарын орындамаса, шетелдік студенттерді қабылдау құқығынан айырылатынын мәлімдеді. Бұл үкіметтің білім ошағына қарсы жасаған соңғы қатаң ескертуі болды.

Ішкі қауіпсіздік департамент басшысы Кристи Ноем сәрсенбі күні Гарвардқа жалпы сомасы 2,7 миллион доллардан асатын екі DHS гранты қысқартылғанын хабарлады.

Ноем Гарвардқа хат жазып, 30 сәуірге дейін шетелдік студенттік визалары бар білім алушылардың «заңсыз және зорлық-зомбылық әрекеттері» туралы жазбаларын беруді талап етіп, «егер Гарвард есеп беру талаптарын толығымен орындағанын құжаттай алмаса, ол шетелдік студенттерді қабылдау мүмкіндігінен айырылады» деп қосты. Бұл мәселе бойынша Гарвард әлі жауап берген жоқ.

 Университеттерге қауіп

Палестинаны қолдайтын кампус шерулеріне байланысты президент Дональд Трамп әкімшілігі университеттерді федералдық қаржыландыруды қысқартамыз деп қорқытуда. 

Трамп шерушілерді сыртқы саясат тұрғысынан қауіп ретінде көріп,  антисемиттік және ХАМАС жақтастары деп айыптауда.

Трамп әкімшілігі сондай-ақ шетелде туылған кейбір шерушілерді депортациялап, бүкіл ел бойынша жүздеген визаны жойды.

«Гарвард 53,2 миллиард долларлық қорымен өзін қаржыландыра алады, ал Ішкі қауіпсіздік департаменті, мұны жасамайды», - деді Ноем. Ол сондай-ақ Гарвардта «антиамерикандық, Хамасшыл идеология басым» деді.

Гарвард бұған дейін кампустағы антисемитизммен және басқа да біржақты көзқарастармен күресу кезінде академиялық бостандықтар мен наразылық білдіру құқығын қорғауға тырысатынын айтқан болатын.

Дональд Трамп Гарвард Газадағы соғысқа және басқа да мәселелерге қатысты талаптарын қабылдамағандықтан 2,2 миллиард доллар федералды қаржыландыруды тоқтатты және салықтан босату жеңілдігін алып тастаймын деп қорқытты.

Қаражатты жою

Трамп әкімшілігі өткен айдың соңында Гарвардқа берілген 9 миллиард долларлық федералды келісім-шарттар мен гранттарды қайта қарап жатқанын хабарлап, бетпердеге тыйым және әртүрлілік, теңдік және инклюзия бағдарламаларын жою сияқты шектеулерді талап етті.

Гарвард дүйсенбі күні жариялаған мәлімдемесінде «бұл бақылауды үкіметке беру демек» деп бірнеше талапты қабылдамады. Кейін Трамп әкімшілігі 2,3 миллиард долларлық қаражаттың бұғатталғанын хабарлады.

Трамп сонымен қатар сейсенбі күні Гарвардтың салықтан босатылған мәртебесі де жойылуы мүмкін екенін айтты. «CNN» сәрсенбі күні Ішкі кірістер қызметі (IRS) Гарвардтың салықтан босатылуын жоюға дайындалып жатқанын және соңғы шешім жақын арада жарияланатынын хабарлады.

Адам құқықтарын қорғаушылар «Үкіметтің бұл қысымы сөз бостандығы мен академиялық бостандыққа қауіп төндіреді», - дейді. 

Трамп әкімшілігі Колумбия, Принстон, Браун, Корнелл және «Northwestern» университеттерін қаржыландырудың бір бөлігін тоқтатты немесе қаржыландыруды толықтай жойды.

Сонымен қатар Трамп әкімшілігі университетті «мәдени мәселелерге, әсіресе әртүрлілік, теңдік және инклюзия (DEI) бағдарламалары мен трансгендерлік саясатқа федералдық қаржыландыру тоқтайды» деп қорқытты.

 Адам құқықтарын қорғаушылар Израильдің Газаға қарсы соғысы кезінде мұсылмандарға қарсы әрекеттері мен арабтарға қарсы көзқарастарына алаңдаушылық білдірді. Алайда Трамп әкімшілігі бұл бағытта ешқандай қадам баспады.

Іздеу
Австралияның оңтүстік-шығысында орман өрттері күшейіп, кең аумақтар жанып жатыр
Израильде әлеуметтік тұрғыда оқшауланған еврейлерді Иран қалай тыңшы ретінде тартты?
Қытайдың Африкадағы ықпалын бұзу күресінде Вашингтон қалай жеңілді?
2024: Газа, Украина және басқа аймақтардағы қақтығыстар жылы
Менің досым Айшенұр әділет пен Палестина бостандығы үшін батыл қорғаушы болды
Израильдің негізін қалаған сионистік лаңкестікке көзқарас
Корея соғысының 70 жылдығы: Оңтүстік Корея халқы әлі де құрметпен еске алатын түрік сарбаздары
Газада бітім: Әлсіз үміт
Израильдің геноцидтік соғысы мұсылмандардан кейін христиандарды да жалмауда
Голан жоталарының маңыздылығы және Израильдің бақылауға алу әрекеттері
Путин: «Егер Украина батыстан ядролық қару алса, Ресей қарудың барлық түрін пайдаланады»
Германия экономикасы неліктен құлдырауда?
Трамп-Нетаньяху қарым-қатынасында жаңа дәуір: адалдық пен шиеленіс
«Өлгім келді»: Асад түрмелерінен аман қалған тұтқын түрмедегі азаптауларды баяндады
Стармер Блэр дәуіріндегі саясатты жаңғыртып, Палестина тақырыбында британдықтардға опасыздық жасауда
TRT Global-ға шолу. Пікіріңіз біз үшін маңыз.
Contact us