САЯСАТ
1 Мин оқу
"Түркия Сребреница геноцидін жоққа шығаратын пікірлерді қабылдамайды"
1995 жылы Босниядағы геноцид пен палестиналықтарға жасалып жатқан шабуылдарды салыстырған Ердоған халықаралық қауымдастықты әрекетсіздігін қайталауда деп айыптады.
"Түркия Сребреница геноцидін жоққа шығаратын пікірлерді қабылдамайды"
/ AA
11 Шілде 2025

Президент Ердоған “Түркия халықаралық сот шешімдеріне қарсы шығып, Сребреница геноцидін жоққа шығаруға немесе "соғыс қылмыскерлерін дәріптеуге" тырысатын ешбір мәлімдеме мен пікірлерді қабылдамайды”, деп мәлімдеді.

Режеп Тайып Ердоғанның бұл сөздері 1995 жылы болған Сребреница қырғынының 30 жылдығына арналған бейне хабарламада айтылды. Бұл қырғын мыңдаған босниялықтың өмірін қиған болатын.

Ердоған сондай-ақ Түркияның Босния және Герцеговинаның аумақтық тұтастығын, егемендігін және конституциялық тәртібін қолдауды жалғастыратынын, бұл қолдау шартсыз екенін атап өтті.

Ердоған Израильдің Газаға жасаған үздіксіз шабуылдарына тоқталып, ондаған жыл бұрын халықаралық қауымдастық Сребреницадағы қырғынға үнсіз қалғанын, қазір Палестинадағы зұлымдықтарға тек көрермен болып отырғанын айтты.

Ердоған Израиль үкіметі "58 000-ға жуық палестиналыққа қарсы геноциді үшін "заң мен тарих алдында "ерте ме, кеш пе" жауап беретінін баса айтты.

Іздеу
Зеленский Еуроодаққа үндеу жасады
Терроризмге қарсы күрестегі жеңіс
Марко Рубио мен Қытай Cыртқы істер министрі Малайзияда кездеседі
"Түркия Сребреница геноцидін жоққа шығаратын пікірлерді қабылдамайды"
Пәкістанның оңтүстік-батысында қарулы адамдар тоғыз адамды өлтірді
"Ресей-Украина соғысын тоқтату мүмкіндігін жіберіп алмау керек"
АҚШ, Оңтүстік Корея және Жапония бірлескен әуе жаттығуларын өткізді
АҚШ мигранттарға берілетін көмекті шектеді
Айя-София Ұлы мешітінің ашылғанына бес жыл болды
Түркияның "Türksat" жерсерігі Сирияға интернет тарата бастады
Рубио Лавровқа: «АҚШ Украинаның тығырыққа тірелуіне ашулы» деді
Түркияның Коммуникация басқармасының басшысы болып Бурханеттин Дуран тағайындалды
Қытай Оңтүстік-Шығыс Азияның ядролық қарудан азат аймағы туралы шартқа қол қояды
Хоуситтердің шабуылына ұшыраған кемеден тағы төрт теңізші құтқарылды
Ресейдің Киевке шабуылында екі адам қаза тапты
TRT Global-ға шолу. Пікіріңіз біз үшін маңыз.
Contact us