АҚШ мигранттарға берілетін көмекті шектеді
Денсаулық сақтау министрлігі «Head Start» және тәуелділікті емдеу көмегімен бірге көпшілік мигрантқа тыйым салынған федералдық көмек бағдарламаларына тағы 13 жаңа бағдарлама қосты.
АҚШ мигранттарға берілетін көмекті шектеді
/ Reuters
11 Шілде 2025

Трамп әкімшілігі заңды нақтылау арқылы Америка Құрама Штаттарында заңды түрде тұрып жатқан мигранттардың мемлекеттік көмек бағдарламаларына қолжетімділігін шектеді.

Бейсенбі күні АҚШ-тың Денсаулық сақтау және Әлеуметтік қызмет департаменті ондаған жыл бойы қолданылып келген және көпшілік мигрантқа тыйым салынған көмектердің ауқымын арттырды. Осылайша тыйым салынған бағдарламаның жалпы саны 44-ке жеткенін хабарлады.

Жаңадан қосылған бағдарламалар қатарында «Head Start», есірткіге тәуелділіктен арылту қызметтері, «Title X» отбасын жоспарлау, денсаулық сақтау саласындағы кадрлар үшін берілетін гранттар және баспанасы жоқтарға арналған көмек бағдарламалары бар.

Әлеуметтік қызмет депратментінің хатшысы Роберт Ф. Кеннеди бұл өзгерістерді қолдап,  «Үкімет көптен бері еңбекқор америкалықтардың салығынан түскен қаражатты заңсыз мигранттар үшін пайдаланды», – деді.
Бұл саясатты қайта қарау президент Дональд Трамптың заңсыз көші-қонға қарсы ауқымды қысымының бір бөлігі.

Заңды бұзғандар мен заңды түрде тұрып жатқандар

Әкімшілік бұл өзгерістер елде заңсыз жүргендерді нысанаға алды деп мәлімдегенімен, қабылданған кейбір шаралар тұрақты тұруға рұқсаты бар адамдар мен заңды түрде тұрып жатқан өзге тұлғаларға да әсер етті.

Заңға сәйкес мигранттардың көбі «Medicaid» және әлеуметтік қамсыздандыру сияқты федералдық көмектерден онсыз да пайдалана алмайтын.

1996 жылы қабылданған «Жеке жауапкершілік және еңбек мүмкіндігі туралы келісім заңы» тұрақты тұруға рұқсаты бар адамдар үшін көптеген көмекті бес жылға дейін шектеп, тіпті кейбір көмектерді толық алып тастаған.

Заң қандай бағдарламалардың «федералды қоғамдық көмек» санатына жататынын федералдық агенттіктерге қалдырды.

Әлеуметтік қызмет департаменті 1998 жылы жариялаған түсініктемесінде 31 бағдарламаны тізімге енгізген еді. Департамент бұл түсініктеме заңсыз мигранттардың қолжетімділігін орынсыз кеңейткенін айтады.

Жаңа түсініктеме Федералдық тіркеу журналында жарияланғаннан кейін күшіне енеді және 30 күндік қоғамдық пікір білдіру кезеңі болады.

Әлеуметтік қызмет департаменті жаңа тізімнің толық емес екенін және өзгеретін бағдарламалар бойынша қосымша нұсқаулық берілетінін хабарлады.

Іздеу
Зеленский Еуроодаққа үндеу жасады
Терроризмге қарсы күрестегі жеңіс
Марко Рубио мен Қытай Cыртқы істер министрі Малайзияда кездеседі
"Түркия Сребреница геноцидін жоққа шығаратын пікірлерді қабылдамайды"
Пәкістанның оңтүстік-батысында қарулы адамдар тоғыз адамды өлтірді
"Ресей-Украина соғысын тоқтату мүмкіндігін жіберіп алмау керек"
АҚШ, Оңтүстік Корея және Жапония бірлескен әуе жаттығуларын өткізді
АҚШ мигранттарға берілетін көмекті шектеді
Айя-София Ұлы мешітінің ашылғанына бес жыл болды
Түркияның "Türksat" жерсерігі Сирияға интернет тарата бастады
Рубио Лавровқа: «АҚШ Украинаның тығырыққа тірелуіне ашулы» деді
Түркияның Коммуникация басқармасының басшысы болып Бурханеттин Дуран тағайындалды
Қытай Оңтүстік-Шығыс Азияның ядролық қарудан азат аймағы туралы шартқа қол қояды
Хоуситтердің шабуылына ұшыраған кемеден тағы төрт теңізші құтқарылды
Ресейдің Киевке шабуылында екі адам қаза тапты
TRT Global-ға шолу. Пікіріңіз біз үшін маңыз.
Contact us