ТҮРКИЯ
1 Мин оқу
Түркияның "Türksat" жерсерігі Сирияға интернет тарата бастады
Түркияның спутниктік қызметі соғыс жылдарында телекоммуникациялық инфрақұрылымы жойылған елде адамдарға әлеммен байланысуға көмектеседі.
Түркияның "Türksat" жерсерігі Сирияға интернет тарата бастады
/ AA
11 Шілде 2025

Түркияның “Türksat” спутниктік компаниясы Сирия халқына интернет қызметін ұсына бастады. Азаматтық соғыс жылдарында елдің байланыс инфрақұрылымы жойылып, көптеген адам интернетке қосылу мүмкіндігінен айырылған еді.

Бұл қызметтің іске қосылғаны туралы хабарлама осы аптада екі елдің өкілдері Дамаскіде кездескеннен кейін жарияланды.

Түркияның “Türksat” спутнигі Ka-диапазон спектрін пайдаланады, бұл жоғары жылдамдықтағы интернетті тасымалдауға мүмкіндік береді. Компания Сирияның әртүрлі аймақтарында қабылдау терминалдарын орнатты.

Он жылға созылған азаматтық соғыс кезінде Башар Асадтың бұрынғы режимі өз қатыгездігін әлемге көрсететін суреттер мен видеолардың таралуын тоқтату үшін интернетке қолжетімділікті шектеген болатын.

Интернетке қолжетімділіктен бөлек, “Türksat” теледидар мен радио хабарларын таратуға арналған кешенді шешім ұсына бастады. Қызмет сонымен қатар электронды үкімет платформаларына, апаттар мен төтенше жағдайлар байланыс жүйелеріне, сондай-ақ арнайы желілік инфрақұрылымға қолдау көрсетеді.

Жоғары сыйымдылықтағы интернет талшықты немесе кабельдік желілер жоқ аймақтарда үздіксіз байланыс қамтамасыз етуді мақсат етеді.

“Türksat” ел бойынша қамтуды кеңейту үшін спутниктік терминалдарды орнатуды жалғастыруды жоспарлап отыр.

Іздеу
Зеленский Еуроодаққа үндеу жасады
Терроризмге қарсы күрестегі жеңіс
Марко Рубио мен Қытай Cыртқы істер министрі Малайзияда кездеседі
"Түркия Сребреница геноцидін жоққа шығаратын пікірлерді қабылдамайды"
Пәкістанның оңтүстік-батысында қарулы адамдар тоғыз адамды өлтірді
"Ресей-Украина соғысын тоқтату мүмкіндігін жіберіп алмау керек"
АҚШ, Оңтүстік Корея және Жапония бірлескен әуе жаттығуларын өткізді
АҚШ мигранттарға берілетін көмекті шектеді
Айя-София Ұлы мешітінің ашылғанына бес жыл болды
Түркияның "Türksat" жерсерігі Сирияға интернет тарата бастады
Рубио Лавровқа: «АҚШ Украинаның тығырыққа тірелуіне ашулы» деді
Түркияның Коммуникация басқармасының басшысы болып Бурханеттин Дуран тағайындалды
Қытай Оңтүстік-Шығыс Азияның ядролық қарудан азат аймағы туралы шартқа қол қояды
Хоуситтердің шабуылына ұшыраған кемеден тағы төрт теңізші құтқарылды
Ресейдің Киевке шабуылында екі адам қаза тапты
TRT Global-ға шолу. Пікіріңіз біз үшін маңыз.
Contact us