Рубио Лавровқа: «АҚШ Украинаның тығырыққа тірелуіне ашулы» деді
Кремль Трамптың сынына мән бермей, Вашингтонмен қарым-қатынасты қалпына келтіруді жалғастыруға уәде берді.
Рубио Лавровқа: «АҚШ Украинаның тығырыққа тірелуіне ашулы» деді
/ AP
10 Шілде 2025

АҚШ-тың Мемлекеттік хатшысы Марко Рубио ресейлік әріптесімен кездесуде Украинадағы соғысты шешу жолындағы ілгерілеудің жоқтығына «ренішін және ашуын» білдіргенін айтты.

Рубио бейсенбі күні Малайзияда өткен АСЕАН отырысы кезінде Сергей Лавровпен кездесті. Ол кездесуден кейін журналистерге: «Президент (Дональд Трамп) не айтса, мен де соны қайталадым, бұл - әрі реніш, әрі ашу», - деді.

Аталған кездесу Украинадағы соғыстың созылуына байланысты АҚШ Президенті Дональд Трамптың Ресей Президенті Владимир Путинге деген ренішінің күшейіп тұрған кездегі Рубио мен Лавровтың екінші бетпе-бет жүздесуі болды.

Бейсенбі күні Ресейдің ұшқышсыз ұшатын аппараттары мен зымырандары Украина астанасы Киевке шабуыл жасады. Ресей шабуылдарының артуы Украинаның әуе қорғаныс жүйесіне ауыртпалық түсірді. Мыңдаған адам түн ішінде метроларға жасырынуға мәжбүр болды.

Украина Президенті Владимир Зеленский Ресей Киевке жасаған шабуылда 18 зымыран мен шамамен 400 ұшқышсыз ұшақ ұшырғанын мәлімдеді.

Ауқымды санкциялар

Мәскеу бұл мәселеге қатысты ешқандай түсініктеме бермей, алдыңғы түн көршісіне 728 ұшқышсыз ұшақпен рекордтық деңгейде шабуыл жасады.

АҚШ Украинаға қорғаныс қаруларын жеткізуді қайта бастауға бұйрық бергеннен кейін бір күн өткен соң сейсенбі күні Трамп сыншыл ұстаным танытып, Путиннің бейбітшілікке қатысты мәлімдемелерін «мағынасыз» деп атады.

Сондай-ақ Трамп Ресейге қатаң санкциялар енгізетін заңнаманы, соның ішінде ресейлік мұнайды, газды, уранды және басқа да экспорт өнімдерін сатып алатын елдерге 500 пайыздық баж салығын енгізуді қарастыратынын айтты.

Рубио мен Лавров Трамптың қарым-қатынастарды қалпына келтіру және соғысты тоқтату келіссөздері аясында ақпан айында Сауд Арабиясында алғаш рет кездескен болатын.

Кремль сәрсенбі күні Трамптың сынына мән бермей, Вашингтонмен қарым-қатынастарды түзетуге тырысатынын мәлімдеді.

Сәрсенбі күні Римде Украинаны қолдайтын елдер ұйымдастырған конференция аясында Трамптың Украина жөніндегі арнайы өкілі Кит Келлогг Украина Президенті Владимир Зеленскиймен кездесті.

Іздеу
Зеленский Еуроодаққа үндеу жасады
Терроризмге қарсы күрестегі жеңіс
Марко Рубио мен Қытай Cыртқы істер министрі Малайзияда кездеседі
"Түркия Сребреница геноцидін жоққа шығаратын пікірлерді қабылдамайды"
Пәкістанның оңтүстік-батысында қарулы адамдар тоғыз адамды өлтірді
"Ресей-Украина соғысын тоқтату мүмкіндігін жіберіп алмау керек"
АҚШ, Оңтүстік Корея және Жапония бірлескен әуе жаттығуларын өткізді
АҚШ мигранттарға берілетін көмекті шектеді
Айя-София Ұлы мешітінің ашылғанына бес жыл болды
Түркияның "Türksat" жерсерігі Сирияға интернет тарата бастады
Рубио Лавровқа: «АҚШ Украинаның тығырыққа тірелуіне ашулы» деді
Түркияның Коммуникация басқармасының басшысы болып Бурханеттин Дуран тағайындалды
Қытай Оңтүстік-Шығыс Азияның ядролық қарудан азат аймағы туралы шартқа қол қояды
Хоуситтердің шабуылына ұшыраған кемеден тағы төрт теңізші құтқарылды
Ресейдің Киевке шабуылында екі адам қаза тапты
TRT Global-ға шолу. Пікіріңіз біз үшін маңыз.
Contact us