Марко Рубио мен Қытай Cыртқы істер министрі Малайзияда кездеседі
Кездесу Марко Рубионың АҚШ-тың Мемлекеттік хатшысы ретінде Азияға жасаған алғашқы сапары болмақ. Кездесу Трамптың баж салығы қаупі мен одақтастардың қорғаныс шығындарын арттыру жөніндегі қысымы аясында өтетін болады.
Марко Рубио мен Қытай Cыртқы істер министрі Малайзияда кездеседі
/ Reuters
11 Шілде 2025

АҚШ-тың Мемлекеттік хатшысы Марко Рубио мен Қытайдың Сыртқы істер министрі Ван И жұма күні сауда, қорғаныс және басқа да мәселелер шиеленіскен тұста Малайзияда алғаш рет бетпе-бет кездесу өткізеді.

Кездесу Куала-Лумпур қаласында өтіп жатқан Оңтүстік-Шығыс Азия елдері қауымдастығының (АСЕАН) Сыртқы істер министрлері жиналысының аясында өтеді деп хабарлады «The Washington Post». Бұл кездесу екі ел қарым-қатынасындағы маңызды бетбұрыс болуы мүмкін.

АҚШ пен Қытай Оңтүстік-Шығыс Азия елдері қауымдастығының мүшесі болмаса да, Оңтүстік-Шығыс Азия елдерімен тығыз байланыс орнатуға тырысып  келеді. Алайда аймақтағы көптеген ел екі жаққа да сақтықпен қарайды.

Рубио мен Ван жұма күні түстен кейін кездеседі деп жоспарланған.

Бейсенбі күні Рубио Ванмен кездесуде Қытайдың Украинадағы соғысқа қатысты Ресейге көрсеткен қолдауын талқылауды жоспарлап отырғанын айтты.

«Қытайлықтар Ресейдің әрекеттерін қолдағаны анық. Негізі олар қолдаулары анықталғанша көмек көрсетуге дайын болды деп ойлаймын». - деді Рубио Ресейдің Сыртқы істер министрі Сергей Лавровпен кездесуінен кейін.

14 жыл бойы республикашыл сенатор ретінде Қытайға қатысты қатаң ұстанымымен танылған Рубио 2020 жылы Пекин тарапынан қара тізімге енгізілген және әлі де санкция салынғандар тізімінде тұр. Ол қаңтар айында Мемлекеттік хатшы қызметіне кіріскеннен кейін Ванмен телефон арқылы сөйлескен.

Іздеу
Зеленский Еуроодаққа үндеу жасады
Терроризмге қарсы күрестегі жеңіс
Марко Рубио мен Қытай Cыртқы істер министрі Малайзияда кездеседі
"Түркия Сребреница геноцидін жоққа шығаратын пікірлерді қабылдамайды"
Пәкістанның оңтүстік-батысында қарулы адамдар тоғыз адамды өлтірді
"Ресей-Украина соғысын тоқтату мүмкіндігін жіберіп алмау керек"
АҚШ, Оңтүстік Корея және Жапония бірлескен әуе жаттығуларын өткізді
АҚШ мигранттарға берілетін көмекті шектеді
Айя-София Ұлы мешітінің ашылғанына бес жыл болды
Түркияның "Türksat" жерсерігі Сирияға интернет тарата бастады
Рубио Лавровқа: «АҚШ Украинаның тығырыққа тірелуіне ашулы» деді
Түркияның Коммуникация басқармасының басшысы болып Бурханеттин Дуран тағайындалды
Қытай Оңтүстік-Шығыс Азияның ядролық қарудан азат аймағы туралы шартқа қол қояды
Хоуситтердің шабуылына ұшыраған кемеден тағы төрт теңізші құтқарылды
Ресейдің Киевке шабуылында екі адам қаза тапты
TRT Global-ға шолу. Пікіріңіз біз үшін маңыз.
Contact us