АҚШ, Оңтүстік Корея және Жапония бірлескен әуе жаттығуларын өткізді
Қорғаныс басшылары Сеулде бас қосып, Солтүстік Корея мен Қытайдың қарулануды арттыруына байланысты ескерту жасады және қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастықтың тереңдей түскенін атап өтті.
АҚШ, Оңтүстік Корея және Жапония бірлескен әуе жаттығуларын өткізді
/ Reuters
11 Шілде 2025

«Оңтүстік Корея, АҚШ және Жапония 11 шілде күні Солтүстік Кореяның ядролық және зымыран қауіптерінің артуына қарсы бірлескен әрекетті күшейту мақсатында ортақ әуе жаттығуларын өткізді», - деп хабарлады Оңтүстік Кореяның Қорғаныс министрлігі.

«2025 жылы алғаш рет АҚШ-тың «B-52H» стратегиялық бомбалаушы ұшағы Солтүстік Кореяның ядролық және зымыран қауіптеріне қарсы күш көрсету мақсатында өткізілген жаттығуға қатысу үшін Корей түбегіне орналастырылды», - деп мәлімдеді Оңтүстік Кореяның Қорғаныс министрлігі.

Жергілікті «Yonhap» жаңалықтар агенттігі «Жаттығу Оңтүстік Кореяның Чеджу аралы маңындағы халықаралық әуе кеңістігінде өткізілді және оған Оңтүстік Кореяның «KF-16», Жапонияның «F-2» әскери ұшақтары мен АҚШ-тың стратегиялық бомбалаушы ұшағы қатысты», - деп хабарлады.

Бұл оқу-жаттығу 18 маусымдағы жаттығулардан кейін бір ай өткен соң өтті және Оңтүстік Корея президенті Ли Джэ Мёнгтің басшылығымен өткізілген алғашқы операция болды.

«Үш ел Солтүстік Кореяның қауіптерін бірге тойтарып, оларға жауап беру үшін ынтымақтасады және үшжақты оқу-жаттығу жүргізуді жалғастырады», - деді министрлік.

Ортақ оқу-жаттығу үш елдің жоғары әскери басшыларының Сеулдегі кездесуіне сәйкес келді. Кездесу барысында аймақтық қауіпсіздік динамикасы қаралды және үшжақты қауіпсіздік ынтымақтастығын одан әрі дамыту жолдары талқыланды.

АҚШ-тың Бас штаб басшысы генерал Дэн Кейн Солтүстік Корея мен Қытайдың ауқымды қарулануына қарсы Оңтүстік Корея, АҚШ және Жапония арасындағы артқан қауіпсіздік ынтымақтастығының маңыздылығын атап өтті.

Кейн Оңтүстік кореялық әріптесі Адмирал Ким Мён Су мен жапон әріптесі Генерал Йошихиде Йошидамен өткен кездесуде «АҚШ-тың басты мақсаты тежеуді қайта орнату және оны жүзеге асыру үшін үш ел арасында үшжақты ынтымақтастық қажет. Корей Халық Демократиялық Республикасы мен Қытай күн тәртібін ілгерілету ниетімен әскери күштерін топтастыруға кірісті», - деді.

Бұл Сеулде өткен қорғаныс басшыларының алғашқы үш жақты жиыны болды және Кейннің бұл сапары 2023 жылы қарашада бұрынғы генерал Чарльз Браун сапарынан кейінгі АҚШ армиясының ең жоғарғы лауазымды тұлғасының Оңтүстік Кореяға алғашқы сапары ретінде тіркелді.

Сондай-ақ үш ел үшжақты көпсалалы «Freedom Edge» оқу-жаттығуын кеңейтуге келісіп, Солтүстік Кореяның ядролық және зымырандық дамуын және Ресеймен артқан әскери ынтымақтастығын айыптады.

Іздеу
Зеленский Еуроодаққа үндеу жасады
Терроризмге қарсы күрестегі жеңіс
Марко Рубио мен Қытай Cыртқы істер министрі Малайзияда кездеседі
"Түркия Сребреница геноцидін жоққа шығаратын пікірлерді қабылдамайды"
Пәкістанның оңтүстік-батысында қарулы адамдар тоғыз адамды өлтірді
"Ресей-Украина соғысын тоқтату мүмкіндігін жіберіп алмау керек"
АҚШ, Оңтүстік Корея және Жапония бірлескен әуе жаттығуларын өткізді
АҚШ мигранттарға берілетін көмекті шектеді
Айя-София Ұлы мешітінің ашылғанына бес жыл болды
Түркияның "Türksat" жерсерігі Сирияға интернет тарата бастады
Рубио Лавровқа: «АҚШ Украинаның тығырыққа тірелуіне ашулы» деді
Түркияның Коммуникация басқармасының басшысы болып Бурханеттин Дуран тағайындалды
Қытай Оңтүстік-Шығыс Азияның ядролық қарудан азат аймағы туралы шартқа қол қояды
Хоуситтердің шабуылына ұшыраған кемеден тағы төрт теңізші құтқарылды
Ресейдің Киевке шабуылында екі адам қаза тапты
TRT Global-ға шолу. Пікіріңіз біз үшін маңыз.
Contact us