Зеленский Еуроодаққа үндеу жасады
Украина президенті өз елінің еуропаға интеграциясы басты басымдық болып қала беретінін мәлімдеді.
Зеленский Еуроодаққа үндеу жасады
/ AP
11 Шілде 2025

Украина президенті Владимир Зеленский бейсенбі күні Украинаның кезекті төрағалығын Дания атқаратын Еуропалық Одақпен келіссөздерге дайын екенін мәлімдеді. Ол сондай-ақ Украинаның Еуроодаққа мүшелік жолындағы ілгерілеуіне тосқауыл болып отырған Венгрияның ветосын шешуге шақырды.

Зеленский бұл сөздерді Римде өткен Украинаны қалпына келтіру конференциясы аясында Еуропалық комиссия басшысы Урсула фон дер Ляйен және Еуропалық Кеңес төрағасы Антонио Костамен кездесуінен кейін айтты.

«2 миллиард еуродан асатын жаңа қолдау үшін алғыс айтамын. Украинаны қалпына келтіру үшін Еуропалық Флагмандық қордың құрылуы да маңызды. Бұл қор Украинаға инвестиция тартуға көмектеседі»,  - деді ол.

Ол Украина үшін еуропаға интеграцияның басты басымдық болып қалатынын және Венгрияның ветосын жою үшін шешім табу қажеттігін атап өтті.

Венгрия премьер-министрі Виктор Орбан Украинаның ЕО-ға қосылуына қатаң қарсылық білдіріп, соғыс жағдайындағы елді интеграциялау одақтың тұрақтылығына үлкен қауіп төндіретінін ескерткен болатын.

Зеленский Германия, Финляндия, Польша және Болгария басшыларымен жеке кездесу өткізді.

Германия канцлері Фридрих Мерцпен келіссөздерден кейін Зеленский Берлиннің әуе қорғаныс жүйелеріне қолдауы үшін алғыс білдірді.

«Мен Фридрихке Ресейдің соңғы шабуылдары туралы ақпарат беріп, біздің бір шабуылда ондаған «Shahed» атып түсіретін ұшқышсыз ұшақтарымыз туралы баяндадым», - деді ол «X» платформасында.

Ол Германияның ұшқышсыз ұшақ өндірісін ұлғайтуға көмектесуге дайын екеніне ризашылығын білдіріп, Украинаның ЕО-ға қосылу жолында Германияның ықпалды рөлін атап өтті.

«Германия – біздің ЕО-ға енуімізге жол ашатын беделді ел»,- деді ол.

Зеленский Финляндия премьер-министрі Петтери Орпомен кездесіп, Финляндияның тұрақты қолдауы мен Украинаны қалпына келтірудегі фин компанияларының белсенділігі үшін алғыс айтты.

Ол Ресей-Иран дрон шабуылдарына қарсы тұру үшін қажет Украинаның ұшқышсыз ұшақ өндірісін арттырудың маңыздылығын атап өтті.

Болгария премьер-министрі Росен Желязковпен келіссөз барысында Зеленский энергетика саласындағы, әсіресе энергетикалық қауіпсіздік бойынша ынтымақтастықты тереңдетуге келіскенін айтты.

Сондай-ақ ол Болгарияға Украинаның ЕО-ға кіруін қолдағаны үшін және «Еріктілер коалициясына» қатысқаны үшін алғыс білдірді.

Зеленский Польша премьер-министрі Дональд Тускке қорғаныс саласындағы көмегі мен конференцияға қатысқаны үшін және Еуропалық флагмандық қорды қолдағаны үшін алғыс айтты. Ол «SAFE» бағдарламасы және бірлескен қару-жарақ өндіру сияқты салаларда Польшамен ынтымақтастыққа ашық екенін мәлімдеді. Сондай-ақ Зеленский Польшаның халықаралық көмек үшін негізгі логистикалық және транзиттік орталық ретіндегі рөлін ерекше атап өтті.

Зеленский таңертең 32 мемлекеттің үкімет және ұйым өкілдері қатысқан «Еріктілер коалициясы» отырысына қатысты.

Бұл отырысқа АҚШ өкілдері генерал Кит Келлог, сенаторлар Линдси Грэм және Ричард Блюменталь алғаш рет қатысты.

«Еріктілер коалициясының жұмыс істеуі біз үшін маңызды. Өйткені ол ұзақ мерзімді қауіпсіздік пен Ресей шабуылдарынан қорғау үшін жұмыс істейді», - деді Зеленский.

Іздеу
Зеленский Еуроодаққа үндеу жасады
Терроризмге қарсы күрестегі жеңіс
Марко Рубио мен Қытай Cыртқы істер министрі Малайзияда кездеседі
"Түркия Сребреница геноцидін жоққа шығаратын пікірлерді қабылдамайды"
Пәкістанның оңтүстік-батысында қарулы адамдар тоғыз адамды өлтірді
"Ресей-Украина соғысын тоқтату мүмкіндігін жіберіп алмау керек"
АҚШ, Оңтүстік Корея және Жапония бірлескен әуе жаттығуларын өткізді
АҚШ мигранттарға берілетін көмекті шектеді
Айя-София Ұлы мешітінің ашылғанына бес жыл болды
Түркияның "Türksat" жерсерігі Сирияға интернет тарата бастады
Рубио Лавровқа: «АҚШ Украинаның тығырыққа тірелуіне ашулы» деді
Түркияның Коммуникация басқармасының басшысы болып Бурханеттин Дуран тағайындалды
Қытай Оңтүстік-Шығыс Азияның ядролық қарудан азат аймағы туралы шартқа қол қояды
Хоуситтердің шабуылына ұшыраған кемеден тағы төрт теңізші құтқарылды
Ресейдің Киевке шабуылында екі адам қаза тапты
TRT Global-ға шолу. Пікіріңіз біз үшін маңыз.
Contact us