Трамптың қысқартуларынан қашқан АҚШ-тың «босқын ғалымдары» жақын арада Францияға көшеді
Америкадағы ғалымдар Трамптың кезінде қаржыландырудың қатты қысқаруынан құтылып жатқанда, Экс-Марсель сияқты француз университеттері зерттеушілерге есіктерін ашып, оларға баспана мен гранттар ұсынып отыр.
Трамптың қысқартуларынан қашқан АҚШ-тың «босқын ғалымдары» жақын арада Францияға көшеді
/ AFP
18 Сәуір 2025

«Ғалымдар маусым айында Франция университетінде жұмыс істей бастайды», - деп хабарлады билік өкілдері.

Экс-Марсель университеті наурыз айында бюджеттік қысқартуға тап болған американдық ғалымдарды жұмысқа алатынын жариялағаннан кейін бейсенбі күні «Ғылым үшін қауіпсіз орын» бағдарламасына толассыз өтініш түскен. Университеттің мәліметінше 298 өтінімнің 242-сі өтті. 20-ға жуығы бос лауазым үшін қарастырылады.

Өтініш бергендердің 135-і Америка азаматы, 45-і қос азаматтығы барлар.  Университет ректоры Эрик Бертон «босқын ғалым» мәртебесін белгілеп, Франция мен Еуропада көбірек американдық зерттеушіні орналастырғысы келетінін айтты. Мәртебені белгілейтін заң жобасын Франция парламентіне дүйсенбі күні бұрынғы президент және қазіргі депутат Франсуа Олланд ұсынған.  Экс-Марсель университеті қауіп төнген зерттеушілерге арналған басқа бағдарлама бойынша Украина, Йемен, Ауғанстан және оккупацияланған Палестинадан 25 ғалымды қабылдаған болатын.

Университет әрбір қабылданған зерттеушіге үш жыл ішінде 600 000 мен 800 000 еуро (680 000-910 000 доллар) көлемінде қолдау көрсетеді. Өтінім берген зерттеушілер Джонс Хопкинс, NASA, Йель, Стэнфорд, Колумбия және Пенсильвания сияқты АҚШ-тың түрлі университеттерінен. Іріктеу комиссиясы келесі сәрсенбіде жиналады. Ғалымдар Францияға маусымның басында келеді. Олар келгенге дейін онлайн сұқбат жүргізіледі.

Бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша АҚШ-тың кейбір зерттеушілері мен ғалымдары Трамп әкімшілігінің саяси өзгерістерімен американдық ғылым ортасына үлкен кедергілер келгенін айтады. Трамп әкімшілігі Ұлттық денсаулық институттары (NIH), NASA және Ұлттық мұхит және атмосфералық басқарма сияқты өмірлік маңызы бар мекемелердің федералды зерттеу шығындарын миллиардтаған долларға қысқартты. Мәселен Ұлттық денсаулық институтының өзгеретін басымдықтарына сәйкес келмейтін көптеген грантының күшін жойды. АҚШ-тың Халықаралық даму агенттігі бюджетінің қысқаруынан маңызды ғылыми жобалар қолдаусыз қалды. Қысқартулар бойынша жасалған сауалнама көптеген американдық ғалымның елден кеткісі келетінін көрсетті. Бюджеттік тұрақсыздық  магистранттар (79%) мен докторанттарға (75%) қатты әсер етті.  

Іздеу
Зеленский Еуроодаққа үндеу жасады
Терроризмге қарсы күрестегі жеңіс
Марко Рубио мен Қытай Cыртқы істер министрі Малайзияда кездеседі
"Түркия Сребреница геноцидін жоққа шығаратын пікірлерді қабылдамайды"
Пәкістанның оңтүстік-батысында қарулы адамдар тоғыз адамды өлтірді
"Ресей-Украина соғысын тоқтату мүмкіндігін жіберіп алмау керек"
АҚШ, Оңтүстік Корея және Жапония бірлескен әуе жаттығуларын өткізді
АҚШ мигранттарға берілетін көмекті шектеді
Айя-София Ұлы мешітінің ашылғанына бес жыл болды
Түркияның "Türksat" жерсерігі Сирияға интернет тарата бастады
Рубио Лавровқа: «АҚШ Украинаның тығырыққа тірелуіне ашулы» деді
Түркияның Коммуникация басқармасының басшысы болып Бурханеттин Дуран тағайындалды
Қытай Оңтүстік-Шығыс Азияның ядролық қарудан азат аймағы туралы шартқа қол қояды
Хоуситтердің шабуылына ұшыраған кемеден тағы төрт теңізші құтқарылды
Ресейдің Киевке шабуылында екі адам қаза тапты
TRT Global-ға шолу. Пікіріңіз біз үшін маңыз.
Contact us