Израиль Газадағы жалғыз католик шіркеуін бомбалады
Газа қаласындағы Әл-Ахли Араб ауруханасы дәрігерлерінің мәліметінше, католик шіркеуіне жасалған шабуылдан кейін бірнеше адам жарақат алған.
Израиль Газадағы жалғыз католик шіркеуін бомбалады
/ Reuters
9 сағат бұрын

Италия премьер-министрі Джорджия Мелони бейсенбі күні жасаған мәлімдемесінде Израильдің Газада жалғыз католик шіркеуін бомбалағанын айтты. «ANSA» ақпарат агенттігі шабуыл кезінде екі әйелдің қаза тапқанын хабарлады.

Мелони «Израиль Газада Қасиетті отбасы шіркеуін нысанаға алды», - деді. Ол бейбіт тұрғындарға бағытталған мұндай шабуылдарды «қабылданбайтын әрекет»деп атады.

Шабуыл кезінде Палестина аймағындағы жалғыз католик шіркеуі зардап шекті. Ватикан бұл мәселеге қатысты пікір білдірмесе де, Израиль әскері оқиғаға байланысты тергеу бастағанын хабарлады.

«Қабылданбайды»

Италияның «ANSA» ақпарат агенттігі шабуыл кезінде алты адамның ауыр жарақат алғанын мәлімдеді. Сондай-ақ Израильдің палестиналықтарға қарсы соғысына қатысты марқұм Рим Папасы Францискке үнемі мәлімет беріп отырған шіркеу қызметкері Габриеле Романеллидің аяғынан жеңіл жарақат алғаны айтылды.

Премьер-министр Мелони мәлімдемесінде «Израиль Газадағы Қасиетті Отбасы шіркеуін бомбалады. Израильдің бірнеше айдан бері бейбіт тұрғындарға бағытталған шабуылдары қабылданбайды. Ешбір әскери әрекет мұндай ұстанымды ақтай алмайды», - деді.

 

Іздеу
Зеленский Еуроодаққа үндеу жасады
Терроризмге қарсы күрестегі жеңіс
Марко Рубио мен Қытай Cыртқы істер министрі Малайзияда кездеседі
"Түркия Сребреница геноцидін жоққа шығаратын пікірлерді қабылдамайды"
Пәкістанның оңтүстік-батысында қарулы адамдар тоғыз адамды өлтірді
"Ресей-Украина соғысын тоқтату мүмкіндігін жіберіп алмау керек"
АҚШ, Оңтүстік Корея және Жапония бірлескен әуе жаттығуларын өткізді
АҚШ мигранттарға берілетін көмекті шектеді
Айя-София Ұлы мешітінің ашылғанына бес жыл болды
Түркияның "Türksat" жерсерігі Сирияға интернет тарата бастады
Рубио Лавровқа: «АҚШ Украинаның тығырыққа тірелуіне ашулы» деді
Түркияның Коммуникация басқармасының басшысы болып Бурханеттин Дуран тағайындалды
Қытай Оңтүстік-Шығыс Азияның ядролық қарудан азат аймағы туралы шартқа қол қояды
Хоуситтердің шабуылына ұшыраған кемеден тағы төрт теңізші құтқарылды
Ресейдің Киевке шабуылында екі адам қаза тапты
TRT Global-ға шолу. Пікіріңіз біз үшін маңыз.
Contact us