САЯСАТ
3 минут оқу
Шекарасыз дәрігерлер ұйымы: «Израиль Газа секторын жаппай қабірге айналдырды»
Шекарасыз дәрігерлер ұйымы Израиль шабуылдарында палестиналықтар өлтірілген және дәрігерлер жаралыларды емдеу үшін шектеулі ресурстармен күресіп жатқан қоршаудағы Газаны «жаппай қабір» деп сипаттады.
Шекарасыз дәрігерлер ұйымы: «Израиль Газа секторын жаппай қабірге айналдырды»
/ Reuters
16 Сәуір 2025

Шекарасыз дәрігерлер ұйымы сәрсенбі күні «Израиль армиясы Газа секторының солтүстігінде кемінде 13 адамды өлтіріп, Рафахтағы үйлерді қиратуды жалғастырды» деген мәлімдемеден кейін «Газа палестиналықтар мен оларға көмектесуге тырысатындар үшін жаппай қабірге айналды» деді.

Палестиналық дәрігерлер әуе шабуылынан 10 адамның қаза тапқанын және олардың ішінде Газадағы соғыста көрген қиыншылықтарын жазған әйгілі жазушы және фотограф Фатема Хасуна бар екенін айтты. Сонымен қатар солтүстіктегі басқа үйге жасалған шабуылда тағы үш адам қаза тапқан. Израиль әскері бұл туралы түсініктеме берген жоқ.

Газаның оңтүстігіндегі Рафах қаласының тұрғындары Израиль әскері қаладағы үйлерді бұзуды жалғастырғанын айтты. Соңғы күндері Израиль басшылары бұл әрекеттерді Газада қауіпсіздік аймақтарын кеңейту және ХАМАС-ты қалған тұтқындарды босатуға мәжбүрлеу үшін жасалғанын мәлімдеді.

«Газа палестиналықтар мен оларға көмек көрсетуге тырысқандар үшін жаппай қабірге айналды. Біз Газадағы халықтың толықтай жойылуы мен мәжбүрлі қоныс аударылуын көріп отырмыз», – деді Шекарасыз дәрігерлер ұйымының Газадағы төтенше жағдайлар жөніндегі үйлестірушісі Аманд Базеролле өз мәлімдемесінде.

«Палестиналықтар мен оларға көмек көрсетуге тырысқандар үшін қауіпсіз орын жоқ болғандықтан, гуманитарлық көмек жұмыстары қауіпсіздік пен қажетті жабдықтардың жетіспеушілігі салдарынан ауыр жағдайда. Бұл адамдарды медициналық көмекке қол жеткізу мүмкіндігінен айырып отыр», – деді ол.

Мысыр, Катар және АҚШ-тың арағайындылығымен Газадағы атысты тоқтату және Израиль тұтқындарын босату туралы келісімді қалпына келтіру әрекеттері сәтсіз болды.  Израиль мен палестиналық тойтарыс тобы ХАМАС өз ұстанымдарынан бас тартпай отыр.

ХАМАС қаңтардағы атысты тоқтату келісімінің екінші кезеңіне өткісі келетінін айтты, онда Израильдің Газа секторынан шығуы және соғысты тоқтату мәселесі қарастырылады. Палестина денсаулық сақтау органдарының мәліметінше Израильдің шабылдарынан кемінде 51 000 палестиналық қаза тапқан.

Халықаралық қылмыстық сот өткен жылдың қараша айында Израиль премьер-министрі Беньямин Нетаньяху мен бұрынғы Қорғаныс министрі Йоав Галлантқа Газаға қатысты әскери қылмыс пен адамзатқа қарсы қылмыстары үшін ордер шығарған болатын. Сонымен қатар Израиль Газаға қарсы соғысы үшін Халықаралық сотта геноцид ісімен бетпе-бет келуде.

Негізгі қажеттіліктер

Газадағы денсаулық сақтау министрлігі Израильдің наурыз айының басынан бері жанармай, медициналық және азық-түлік жеткізілімдерін тоқтату туралы шешімі жұмыс істеп тұрған аз ғана аурухананың қызметін қиындата бастағанын және медициналық жабдықтардың жетіспеушілігі артқанын хабарлады.

«Жүздеген науқас пен жаралылар қажетті дәрі-дәрмектерден айырылып отыр, ал шекара өткелдерінің жабылуы олардың азабын күшейтуде», – деді министрлік.

Израиль бұл жазалау шаралары ХАМАС-қа қысым көрсету үшін жасалғанын мәлімдеді, ал палестиналық топ оны ұжымдық жаза деп айыптады.

Газа денсаулық сақтау органдары наурыз айындағы екі айлық тыныштықтан кейін Израиль күштері әскери шабуылдарын қайта бастағанын, 1 600-ден астам палестиналықты өлтіргенін хабарлады.   Бұл шабуыл науқаны жүздеген мың адамды қоныс аударуға мәжбүрлеп, анклавқа кіретін барлық жабдықтарды қоршауға алды.

ХАМАС-тың қолында 59 израильдік тұтқын бар. Израиль олардың 24-і тірі деп санайды. 

Іздеу
Зеленский Еуроодаққа үндеу жасады
Терроризмге қарсы күрестегі жеңіс
Марко Рубио мен Қытай Cыртқы істер министрі Малайзияда кездеседі
"Түркия Сребреница геноцидін жоққа шығаратын пікірлерді қабылдамайды"
Пәкістанның оңтүстік-батысында қарулы адамдар тоғыз адамды өлтірді
"Ресей-Украина соғысын тоқтату мүмкіндігін жіберіп алмау керек"
АҚШ, Оңтүстік Корея және Жапония бірлескен әуе жаттығуларын өткізді
АҚШ мигранттарға берілетін көмекті шектеді
Айя-София Ұлы мешітінің ашылғанына бес жыл болды
Түркияның "Türksat" жерсерігі Сирияға интернет тарата бастады
Рубио Лавровқа: «АҚШ Украинаның тығырыққа тірелуіне ашулы» деді
Түркияның Коммуникация басқармасының басшысы болып Бурханеттин Дуран тағайындалды
Қытай Оңтүстік-Шығыс Азияның ядролық қарудан азат аймағы туралы шартқа қол қояды
Хоуситтердің шабуылына ұшыраған кемеден тағы төрт теңізші құтқарылды
Ресейдің Киевке шабуылында екі адам қаза тапты
TRT Global-ға шолу. Пікіріңіз біз үшін маңыз.
Contact us