САЯСАТ
2 минут оқу
АҚШ Президенті Дональд Трамп Жапониямен «алып» сауда келісіміне қол жеткізілгенін жариялады
Жапондық ресми тұлғалар бұл мәлімдемелерді әлі растамады.
АҚШ Президенті Дональд Трамп Жапониямен «алып» сауда келісіміне қол жеткізілгенін жариялады
/ AP
23 Шілде 2025

АҚШ Президенті Дональд Трамп Жапонияның АҚШ-қа 550 миллиард доллар көлемінде инвестиция салатынын және екі ел арасында 15% мөлшерінде өзара кедендік тариф енгізілетінін мәлімдеді. Алайда жапондық ресми тұлғалар бұл мәлімдемелерді әлі растамады.

Дональд Трамп Жапониямен «алып» деп сипаттаған сауда келісімі туралы хабарлап, оның миллиардтаған доллар инвестиция әкелетінін және америкалық өнеркәсіп салаларын нығайтатынын айтты.

Трамп “Truth Social” платформасындағы жазбасында: «Біз Жапониямен керемет келісімге қол жеткіздік, бұл тарихта жасалған ең ірі келісім болуы мүмкін», — деп мәлімдеді.

АҚШ Президенті: «Жапония менің нұсқауыммен АҚШ-қа 550 миллиард доллар инвестиция салады, ал біз кірістің 90 пайызын аламыз», - деп мәлімдеді. Алайда бұл мәлімдемені растайтын ресми құжаттар немесе егжей-тегжейлі ақпарат ұсынылған жоқ.

Жапония Премьер-министрі Исиба Сигэру Трамп хабарлаған сауда келісімінің мазмұнын мұқият зерттеу қажет екенін айтып, түсініктеме беруден бас тартты.

Токио қаласында Трамптың Вашингтондағы мәлімдемесінен кейін журналистерге берген сұхбатында Исиба: «Келіссөздердің нәтижесіне қатысты пікір білдіру үшін алдымен келісім мәтінінің егжей-тегжейін мұқият талдауымыз қажет», - деді.

Трамп Жапонияның «автокөлік, жүк көлігі, күріш және басқа кейбір ауыл шаруашылығы өнімдері саудасына елін ашатынын» және АҚШ-қа 15% мөлшерінде өзара кедендік баж салығы төлейтінін мәлімдеді.

Бұл мәлімдеме Вашингтон мен Токио арасында әсіресе автокөлікке қатысты кедендік салықтар мен ұлттық қауіпсіздікке байланысты алымдар төңірегінде бірнеше ай бойы жалғасқан шиеленісті келіссөздерден кейін жасалды.

Бұған дейін Трамп Жапониядан келетін импорт өнімдеріне (соның ішінде автокөліктерге) 25%, ал болат пен алюминийге 50% кеден салығымен қорқытқан болатын. Алайда сейсенбі күнгі мәлімдемесінде ол бұл салалық салықтардың жаңа келісім аясында алынып тасталатынын нақты айтқан жоқ.

Трамп атап өткен 15%-дық кедендік салық мөлшері оның бұған дейінгі ескертулерінен төмен болғанымен, бұрынғы сауда келісімдеріндегі мөлшерлермен салыстырғанда айтарлықтай жоғары.

Ақ Үй журналистердің түсініктеме беру туралы өтініштеріне жауап бермеді, ал Жапония тарапы әлі ресми мәлімдеме жасаған жоқ.

Іздеу
Зеленский Еуроодаққа үндеу жасады
Терроризмге қарсы күрестегі жеңіс
Марко Рубио мен Қытай Cыртқы істер министрі Малайзияда кездеседі
"Түркия Сребреница геноцидін жоққа шығаратын пікірлерді қабылдамайды"
Пәкістанның оңтүстік-батысында қарулы адамдар тоғыз адамды өлтірді
"Ресей-Украина соғысын тоқтату мүмкіндігін жіберіп алмау керек"
АҚШ, Оңтүстік Корея және Жапония бірлескен әуе жаттығуларын өткізді
АҚШ мигранттарға берілетін көмекті шектеді
Айя-София Ұлы мешітінің ашылғанына бес жыл болды
Түркияның "Türksat" жерсерігі Сирияға интернет тарата бастады
Рубио Лавровқа: «АҚШ Украинаның тығырыққа тірелуіне ашулы» деді
Түркияның Коммуникация басқармасының басшысы болып Бурханеттин Дуран тағайындалды
Қытай Оңтүстік-Шығыс Азияның ядролық қарудан азат аймағы туралы шартқа қол қояды
Хоуситтердің шабуылына ұшыраған кемеден тағы төрт теңізші құтқарылды
Ресейдің Киевке шабуылында екі адам қаза тапты
TRT Global-ға шолу. Пікіріңіз біз үшін маңыз.
Contact us