Камчаткада 8,8 балдық жер сілкінісі болды, цунами қаупі бар
Жапония, Эквадор, Филиппин және АҚШ-тың Гавайи штаты сияқты бірқатар ел Ресейдегі қуатты жер сілкінісінен кейін цунамиге қатысты ескерту жасады.
Камчаткада 8,8 балдық жер сілкінісі болды, цунами қаупі бар
/ AA
30 Шілде 2025

АҚШ Геологиялық қызметінің мәліметінше, Ресейдің Камчатка түбегі маңында 8,8 магнитудалық күшті жер сілкінісі тіркелді.

Сәрсенбі күні жарияланған ақпаратқа сәйкес, зілзала 20,7 шақырым тереңдікте Петропавловск-Камчатский қаласының 119 шақырым шығыс-оңтүстік-шығысында тіркелген. Апат жер бетіне жақын әрі өте күшті болғандықтан цунами тудыру қаупі бар екені хабарланды.

Камчатка губернаторы Владимир Солодов “Telegram” парақшасында бұл апатты «соңғы ондаған жылдағы ең күшті сілкініс» деп атады.

Өңірдің денсаулық сақтау министрі Олег Мельников Ресейдің мемлекеттік ТАСС агенттігіне берген сұхбатында Камчаткада бірнеше адамның жарақат алғанын айтып, «Барлық науқастардың жағдайы тұрақты. Қазіргі таңда ауыр жарақат тіркелген жоқ,» деді.

Цунами ескертуінен кейін Сахалин аймағындағы шағын Северо-Курильск елді мекеніне эвакуация бұйрығы берілді.

Басқа өңірлерге ықпалы

АҚШ Цунами ескерту жүйесі Ресей, Жапония, Аляска және Гавайи жағалауларында цунами толқындарының болуы мүмкін екенін хабарлады.

Гавайидегі Гонолулу төтенше жағдайларды басқару департаменті штаттағы кейбір жағалау аймақтарына эвакуация жариялап, «Жедел әрекет етіңіз! Қауіпті цунами толқындары күтілуде,» деп ескертті.

АҚШ Ұлттық метеорологиялық қызметінің Сан-Франциско шығанағы аймағындағы бөлімі Калифорния жағалауларында да цунами ескертуі күшінде екенін жариялады.
“X” әлеуметтік желісінде: «Судан аулақ болыңыз! Жағажайлар мен су арналарына жақындамаңыз! Жергілікті билік қауіпсіз екенін айтқанша, жағалаудан аулақ болыңыз» деген хабарлама таратылды.

АҚШ Цунами ескерту орталығы Эквадор үшін де ескерту жариялап, жер сілкінісінен кейін цунами толқындарының биіктігі 3 метрге жетуі мүмкін екенін хабарлады.

Филиппин сейсмология агенттігі де цунами толқындары күтілетінін айтып, тұрғындарға Тынық мұхитына қараған жағалау аймақтарындағы жағажайларға жақындамауға шақырды.

Іздеу
Зеленский Еуроодаққа үндеу жасады
Терроризмге қарсы күрестегі жеңіс
Марко Рубио мен Қытай Cыртқы істер министрі Малайзияда кездеседі
"Түркия Сребреница геноцидін жоққа шығаратын пікірлерді қабылдамайды"
Пәкістанның оңтүстік-батысында қарулы адамдар тоғыз адамды өлтірді
"Ресей-Украина соғысын тоқтату мүмкіндігін жіберіп алмау керек"
АҚШ, Оңтүстік Корея және Жапония бірлескен әуе жаттығуларын өткізді
АҚШ мигранттарға берілетін көмекті шектеді
Айя-София Ұлы мешітінің ашылғанына бес жыл болды
Түркияның "Türksat" жерсерігі Сирияға интернет тарата бастады
Рубио Лавровқа: «АҚШ Украинаның тығырыққа тірелуіне ашулы» деді
Түркияның Коммуникация басқармасының басшысы болып Бурханеттин Дуран тағайындалды
Қытай Оңтүстік-Шығыс Азияның ядролық қарудан азат аймағы туралы шартқа қол қояды
Хоуситтердің шабуылына ұшыраған кемеден тағы төрт теңізші құтқарылды
Ресейдің Киевке шабуылында екі адам қаза тапты
TRT Global-ға шолу. Пікіріңіз біз үшін маңыз.
Contact us