Үкімет мүшелерінің бірі Ұлыбританияның 2029 жылы өтетін жалпы сайлауға дейін Палестина мемлекетін ресми түрде мойындайтынын мәлімдеді.
Дүйсенбі күні “Sky News” арнасына сұхбат берген Сауда министрі Джонатан Рейнольдс министрлердің Палестина мемлекетін мойындауға ниетті екенін және бұл шешімді жүзеге асыратынын хабарлады.
Бұл қадамның қазіргі парламенттік мерзім ішінде жүзеге асу ықтималдығы туралы сұраққа Рейнольдс:
«Иә, бұл осы парламенттік кезеңде болады, әрине егер қажетті ілгерілеуге қол жеткізсек», - деп жауап берді.
Ол сондай-ақ: «Бірақ ұмытпаңыздар, біз мұны тек бір рет қана жасай аламыз. Егер бұл тек символикалық деңгейде қалып, қақтығысты тоқтатуға үлес қоспаса, келесі қадамымыз қандай болмақ?» - деп ескертті.
Газа секторындағы ауыр жағдайға тоқталған Рейнольдс:
«Ауадан гуманитарлық көмек тастау мәселесінде енді күтуге болмайды, бір әрекет жасауымыз керек. Гуманитарлық тұрғыдан не жетіспейтінін барлығымыз анық көріп отырмыз», - деді.Кейбір ақпарат көздері Ұлыбритания премьер-министрі Кир Стармер үкіметтегі кейбір жоғары лауазымды тұлғалар тарапынан Палестина мемлекетін дереу мойындауға қатысты қысым көріп отырғанын хабарлаған.
Парламенттің Сыртқы істер жөніндегі комитеті де жуырда үкіметке Израиль мен палестиналықтар үшін екі мемлекеттен тұратын шешімді дайындау аясында Палестина мемлекетін "батыл әрі табанды түрде" дереу мойындауға шақырды.
Комитет төрайымы Эмили Торнберри:
« Үкіметтің үнемі тым аз әрі тым кеш әрекет ететініне байланысты көптеген британ азаматының көңілі қалды», - деді. Стармерге көрсетіліп отырған қысымның тағы бір айқын белгісі 200-ден астам депутаттың Палестина мемлекетін мойындауға шақырған партияаралық хатқа қол қоюы болды.
ӘЛЕМ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
2 минут оқу
Ұлыбритания қазіргі үкімет кезеңінде Палестинаны мойындайтын болады
Ұлыбританияда 200-ден астам депутат премьер-министр Кир Стармерді Палестина мемлекетін мойындауға шақырған хатқа қол қойды.
29 Шілде 2025
Іздеу