САЯСАТ
2 минут оқу
Германияның Қорғаныс министрі Писториус Киевте
Қорғаныс министрі Писториус сапары барысында Киевтің өзін қорғауға және Ресеймен келіссөздердегі ұстанымын нығайтуға көмектесетінін атап өтті.
Германияның Қорғаныс министрі Писториус Киевте
/ AFP
12 Маусым 2025

Германияның Қорғаныс министрі Борис Писториус үш жылдан астам уақытқа созылған Ресей-Украина соғысы үшін жаңа қару-жарақ жеткізу мәселесін талқылау үшін бейсенбі күні Киевке барды. Бұл сапар бейбіт келіссөздер тығырыққа тіреліп, Ресей бомбалау науқанын күшейтіп жатқан кезде болды.

Ресей мен Украина 2022 жылдың ақпанында басталған соғысты тоқтату мақсатында осы айдың басында Стамбулда бейбіт келіссөздер өткізген болатын. Бірақ тараптар арасында аумақтық концессиялар және Украинаның болашақта НАТО-ға қосылуы сияқты мәселелер бойынша келіспеушіліктер жалғасуда. Сонымен қатар екі тарап арасында шабуыл күшеюде. Сәрсенбі күні Украинаның екінші үлкен қаласы Харьковке Ресейдің ұшқышсыз ұшақпен жасаған шабуылынан алты адам қаза тапты.

Писториус Киевте журналистерге «Бұл сапардың басты мақсаты - Германия мен жаңа федералдық үкіметтің Украинаны қолдайтынын көрсету. Бұл қолдау дәл қазір өте маңызды», - деді.

Министр сондай-ақ Украинаға Германия мен басқа Еуропа елдерінен қосымша қару-жарақ қолдауын қарастыратындарын мәлімдеді.

Писториус сапары алдында жасаған мәлімдемесінде «Украинаның өзін қорғай алуы және Ресеймен келіссөздердегі ұстанымын күшейтуі үшін қолдан келгеннің бәрін жасап жатырмыз» деді.

Германия Украинаға АҚШ-тан кейін ірі әскери қолдау көрсетуші екінші ел. Алайда Вашингтонның Киевке қатысты міндеттемелерінің тағдырының айқын болмауы Еуропаға жауапкершілік алуға қысым жасауда.

Мамыр айында қызметіне кіріскен жаңа премьер-министр Фридрих Мерц Киевке барды және Берлинде Украина президенті Владимир Зеленскийді қабылдаған болатын. Жақында Мерц үкіметі Украинаға Германия мен оның одақтастары берген қару-жарақпен «ұзын қашықтыққа атыс» ашуға рұқсат берген еді. Мәскеу болса бұл шешімге наразылық білдірген болатын.

Іздеу
Зеленский Еуроодаққа үндеу жасады
Терроризмге қарсы күрестегі жеңіс
Марко Рубио мен Қытай Cыртқы істер министрі Малайзияда кездеседі
"Түркия Сребреница геноцидін жоққа шығаратын пікірлерді қабылдамайды"
Пәкістанның оңтүстік-батысында қарулы адамдар тоғыз адамды өлтірді
"Ресей-Украина соғысын тоқтату мүмкіндігін жіберіп алмау керек"
АҚШ, Оңтүстік Корея және Жапония бірлескен әуе жаттығуларын өткізді
АҚШ мигранттарға берілетін көмекті шектеді
Айя-София Ұлы мешітінің ашылғанына бес жыл болды
Түркияның "Türksat" жерсерігі Сирияға интернет тарата бастады
Рубио Лавровқа: «АҚШ Украинаның тығырыққа тірелуіне ашулы» деді
Түркияның Коммуникация басқармасының басшысы болып Бурханеттин Дуран тағайындалды
Қытай Оңтүстік-Шығыс Азияның ядролық қарудан азат аймағы туралы шартқа қол қояды
Хоуситтердің шабуылына ұшыраған кемеден тағы төрт теңізші құтқарылды
Ресейдің Киевке шабуылында екі адам қаза тапты
TRT Global-ға шолу. Пікіріңіз біз үшін маңыз.
Contact us