Словения Израильмен қару-жарақ саудасын тоқтатқан алғашқы ЕО елі болды
Словения үкіметі 2023 жылдың қазан айынан бастап Газадағы соғысқа байланысты Израильге әскери қару мен жабдық экспорттауға ешқандай рұқсат бермегенін мәлімдеді.
Словения Израильмен қару-жарақ саудасын тоқтатқан алғашқы ЕО елі болды
/ AP
1 Тамыз 2025

Словения Израильмен қару-жарақ саудасының барлық түрлеріне тыйым салатынын жариялады және бұл шараны Еуропалық Одақ елдері арасында алғашқы болып қабылдағанын атап өтті.

Израильді жиі сынға алатын Словения үкіметі өткен жылы Газадағы соғысты мүмкіндігінше тезірек аяқтау мақсатында Палестина мемлекетін тануға бағытталған қадам басқан болатын.

Бейсенбі түні жасалған мәлімдемеде: «Словения — Израильге қару импортын, экспортын және транзитін тыйым салған алғашқы еуропалық ел» делінген.

Мәлімдемеде ЕО-ның «ішкі келіспеушіліктер мен бірліктің жоқтығына байланысты нақты шаралар қабылдай алмай отырғаны» сыналып, Словенияның «дербес әрекет еткені» айтылды.

Газада «адамдар гуманитарлық көмектен жүйелі түрде айырылып, қаза тауып жатқан» қасіретті соғыс жағдайында «жауапты кез келген мемлекеттің міндеті — қажет болса, өзгелерден бұрын әрекет етуі» деп атап көрсетілді.

Сондай-ақ үкімет 2023 жылдың қазан айынан бері қақтығысқа байланысты Израильге әскери қару мен жабдық экспорттауға ешқандай рұқсат бермегенін растады.

2024 жылдың маусымында Словения Парламенті Палестина мемлекетін ресми түрде тану туралы шешім қабылдады. Бұл қадам 2023 жылдың 7 қазанынан кейін Газадағы үздіксіз Израиль бомбалауына жауап ретінде Ирландия, Норвегия және Испанияның ұқсас бастамаларының жалғасы болды.

Іздеу
Зеленский Еуроодаққа үндеу жасады
Терроризмге қарсы күрестегі жеңіс
Марко Рубио мен Қытай Cыртқы істер министрі Малайзияда кездеседі
"Түркия Сребреница геноцидін жоққа шығаратын пікірлерді қабылдамайды"
Пәкістанның оңтүстік-батысында қарулы адамдар тоғыз адамды өлтірді
"Ресей-Украина соғысын тоқтату мүмкіндігін жіберіп алмау керек"
АҚШ, Оңтүстік Корея және Жапония бірлескен әуе жаттығуларын өткізді
АҚШ мигранттарға берілетін көмекті шектеді
Айя-София Ұлы мешітінің ашылғанына бес жыл болды
Түркияның "Türksat" жерсерігі Сирияға интернет тарата бастады
Рубио Лавровқа: «АҚШ Украинаның тығырыққа тірелуіне ашулы» деді
Түркияның Коммуникация басқармасының басшысы болып Бурханеттин Дуран тағайындалды
Қытай Оңтүстік-Шығыс Азияның ядролық қарудан азат аймағы туралы шартқа қол қояды
Хоуситтердің шабуылына ұшыраған кемеден тағы төрт теңізші құтқарылды
Ресейдің Киевке шабуылында екі адам қаза тапты
TRT Global-ға шолу. Пікіріңіз біз үшін маңыз.
Contact us