Нобель сыйлығының иегері Азиз Санжар Солтүстік Кипр Түрік Республикасының азаматы атанды
Солтүстік Кипр Түрік Республикасына жиі сапарлап, оның танылуы үшін еңбек етіп жүрген Азиз Санжар елдің ғылымы мен және мәдениетін дамытатын болады.
Нобель сыйлығының иегері Азиз Санжар Солтүстік Кипр Түрік Республикасының азаматы атанды
/ Others
4 Тамыз 2025

Солтүстік Кипр Түрік Республикасы үкіметі Нобель сыйлығының лауреаты, ғалым Азиз Санжардың Солтүстік Кипр Түрік Республикасының азаматтығына қабылданғанын мәлімдеді.

Ресми газетте жарияланған қаулыда ғалымның ғылым, технология және мәдениет салаларының дамуына үлес қосатыны және Солтүстік Кипр Түрік Республикасын халықаралық деңгейде танытуға қолдау көрсететіні атап өтілді.
Азиз Санжар аралға жиі сапарлап, Таяу Шығыс университетінің Синтетикалық биологияны зерттеу және технология орталығының ғылыми кеңесінің мүшесі ретінде Солтүстік Кипр Түрік Республикасының танылуына ұзақ уақыттан бері қолдау білдіріп келе жатқан тұлға.

«Солтүстік Кипр Түрік Республикасы танылуы керек»

2022 жылы Түркия президенті Режеп Тайып Ердоғанның Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясында Солтүстік Кипр Түрік Республикасын халықаралық деңгейде тану үндеуінен кейін Азиз Санжар әлеуметтік желіде «Солтүстік Кипр Түрік Республикасы танылуы керек» деген жазуы бар жейде киген суретін жариялаған болатын.

Санжардың аралға деген адалдығы Солтүстік Кипр Түрік Республикасының президенті Ерсин Татармен тығыз қарым-қатынасы және президенттің Денсаулық сақтау жөніндегі кеңесшісі, профессор Недиме Серакынджымен ынтымақтастығының арқасында одан әрі нығая түсті.

ДНҚ-ны қалпына келтіруде маңызды жаңалық

Санжар ДНҚ-ны қалпына келтіру саласындағы маңызды еңбегімен 2015 жылы Нобель химия сыйлығын жеңіп алды. Жасушалардың зақымданған ДНҚ-ны қалай қалпына келтіретінін картаға түсіру арқылы танымал болған ғалымның бұл жаңалығы  тірі ағзалардың генетикалық тұтастығын қалай сақтайтынын түсіну үшін аса маңызды.

Оның зерттеулері күн сәулесі мен токсиндер сияқты күнделікті факторлардан туындайтын ДНҚ зақымдануының қалай түзетілетінін анықтап, қатерлі ісікпен күрес, генетикалық зерттеулер және жекелендірілген медицина салаларында маңызды жетістіктерге жол ашты.

Іздеу
Зеленский Еуроодаққа үндеу жасады
Терроризмге қарсы күрестегі жеңіс
Марко Рубио мен Қытай Cыртқы істер министрі Малайзияда кездеседі
"Түркия Сребреница геноцидін жоққа шығаратын пікірлерді қабылдамайды"
Пәкістанның оңтүстік-батысында қарулы адамдар тоғыз адамды өлтірді
"Ресей-Украина соғысын тоқтату мүмкіндігін жіберіп алмау керек"
АҚШ, Оңтүстік Корея және Жапония бірлескен әуе жаттығуларын өткізді
АҚШ мигранттарға берілетін көмекті шектеді
Айя-София Ұлы мешітінің ашылғанына бес жыл болды
Түркияның "Türksat" жерсерігі Сирияға интернет тарата бастады
Рубио Лавровқа: «АҚШ Украинаның тығырыққа тірелуіне ашулы» деді
Түркияның Коммуникация басқармасының басшысы болып Бурханеттин Дуран тағайындалды
Қытай Оңтүстік-Шығыс Азияның ядролық қарудан азат аймағы туралы шартқа қол қояды
Хоуситтердің шабуылына ұшыраған кемеден тағы төрт теңізші құтқарылды
Ресейдің Киевке шабуылында екі адам қаза тапты
TRT Global-ға шолу. Пікіріңіз біз үшін маңыз.
Contact us