Ресей Сыртқы істер министрі Лавров Қытай мемлекет басшысы Си Цзиньпинмен кездесті.
Тараптар екіжақты саяси байланыстарға қатысты бірқатар мәселелерді, соның ішінде Ресей Президентінің Бейжіңге алдағы сапарын талқылады.
Ресей Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Ресей Сыртқы істер министрі Сергей Лавровтың Қытай мемлекет басшысы Си Цзиньпинмен кездескенін хабарлады.
Лавров Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы Сыртқы істер министрлерінің отырысына қатысу үшін Қытайға барды.
Ресей Сыртқы істер министрлігінің сайтында жарияланған мәлімдемеде «Лавров Қытай басшысына Ресей президенті Владимир Путиннің достық сәлемі мен ізгі тілегін жеткізді» деп жазылған.
Мәлімдемеде сонымен бірге «Тараптар екіжақты саяси байланыстарға қатысты түрлі мәселелерді талқылады... Оның ішінде Ресей Президентінің Қытай Халық Республикасына алдағы уақытқа жоспарланған сапарына дайындық барысы да болды» деп айтылған.
Ресей президенті Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының саммитіне қатысу үшін Қытайға барады, Қытай басшысы Си Цзиньпинмен келіссөз жүргізеді және 3 қыркүйекте Екінші дүниежүзілік соғыста Жапонияны жеңу мерейтойына арналған салтанатты шараларға қатысады.