“Stargate” жасанды интеллектіні дамыту жобасы бойынша бағытын Ұлыбританияға бұрды
Ұлыбритания Премьер-министрі Кир Стармердің елдің жасанды интеллект әлеуетін арттыруға бағытталған стратегиясы АҚШ-тағы “Stargate” жобасының назарын аударды.
“Stargate”  жасанды интеллектіні дамыту жобасы бойынша бағытын Ұлыбританияға бұрды
/ Reuters
17 Сәуір 2025

“Financial Times” басылымының бейсенбі күні жариялаған ақпаратына сәйкес “SoftBank”, “OpenAI” және “Oracle” компаниялары қаржыландырып отырған, жалпы құны 500 миллиард доллар болатын АҚШ орталықты “Stargate” деректер орталығы жобасы жасанды интеллект инфрақұрылымын шетелде кеңейту жоспары аясында Ұлыбританияға инвестиция салу мүмкіндігін қарастырып жатыр.

Премьер-министр Стармер елді жасанды интеллект саласындағы «супер державаға» айналдыру мақсатын алға тарта отырып, реттеу шараларында инновацияны қолдайтын тәсілді ұстанатынын, мемлекеттік деректерді зерттеушілерге қолжетімді ететінін және дерек орталықтарына арнайы аймақтар бөлетінін уәде еткен болатын.

Басылым өз дереккөздеріне сүйене отырып, бұл бастамалар дерек орталықтарының электр қуатына қол жеткізуін арттыруды көздейтінін атап көрсетеді. Сонымен қатар жоба шеңберінде Германия мен Франция да әлеуетті орналасу нүктелері ретінде қарастырылып жатыр.

“OpenAI”, “Oracle” және “SoftBank” өкілдері әзірге бұл мәселеге қатысты “Reuters” агенттігінің ақпарат беру сұранысына жауап берген жоқ.

 Еуропаға бағытталған кеңею жоспары

 “OpenAI” компаниясының бас директоры Сэм Алтман ақпан айында жасаған мәлімдемесінде “Stargate” секілді жасанды интеллект бағдарламасын Еуропаға көшіруге әзір екендерін айтып, «Stargate Europe» идеясын оң қабылдайтындарын білдірген еді.

“OpenAI” соңғы жылдары Лондон, Париж, Брюссель және Мюнхенде кеңселерін ашу арқылы Еуропадағы қызмет аясын айтарлықтай арттырды.

АҚШ Президенті Дональд Трамп қаңтар айында “Stargate” жобасын жеке сектордың инвестициялық бастамасы ретінде таныстырып, бұл бастама жасанды интеллект инфрақұрылымын қаржыландыру және АҚШ-ты бәсекелес елдерден алға оздыру мақсатын көздейтінін мәлімдеген болатын.

Соңғы жылдары чат-боттардың кеңінен таралуы мен жетілдірілген жасанды интеллект агенттерінің пайда болуы жасанды интеллект саласына деген инвестор қызығушылығын едәуір арттырды.

Іздеу
Зеленский Еуроодаққа үндеу жасады
Терроризмге қарсы күрестегі жеңіс
Марко Рубио мен Қытай Cыртқы істер министрі Малайзияда кездеседі
"Түркия Сребреница геноцидін жоққа шығаратын пікірлерді қабылдамайды"
Пәкістанның оңтүстік-батысында қарулы адамдар тоғыз адамды өлтірді
"Ресей-Украина соғысын тоқтату мүмкіндігін жіберіп алмау керек"
АҚШ, Оңтүстік Корея және Жапония бірлескен әуе жаттығуларын өткізді
АҚШ мигранттарға берілетін көмекті шектеді
Айя-София Ұлы мешітінің ашылғанына бес жыл болды
Түркияның "Türksat" жерсерігі Сирияға интернет тарата бастады
Рубио Лавровқа: «АҚШ Украинаның тығырыққа тірелуіне ашулы» деді
Түркияның Коммуникация басқармасының басшысы болып Бурханеттин Дуран тағайындалды
Қытай Оңтүстік-Шығыс Азияның ядролық қарудан азат аймағы туралы шартқа қол қояды
Хоуситтердің шабуылына ұшыраған кемеден тағы төрт теңізші құтқарылды
Ресейдің Киевке шабуылында екі адам қаза тапты
TRT Global-ға шолу. Пікіріңіз біз үшін маңыз.
Contact us