Пәкістан әуе жолдары Ұлыбританияға рейстерін қайта бастайды
Пәкістанның «PIA» әуе компаниясы жақын арада Ұлыбританияға рейстерін қайта бастайтынын мәлімдеді. Алғашқы рейс Исламабадтан Манчестерге орындалады.
Пәкістан әуе жолдары Ұлыбританияға рейстерін қайта бастайды
/ AP
9 сағат бұрын

Ұлыбритания Пәкістан әуе жолдарына қойылған шектеулерді алып тастады.

Сәрсенбі күні Ұлыбританияның Пәкістандағы Елшілігі тарапынан жасалған мәлімдемеде елдің ұлттық әуе тасымалдаушысына қатысты бес жылға созылған тыйымның алынып тасталғаны хабарланды.

Ұлыбританияның Әуе қауіпсіздігі комитеті Пәкістанның авиациялық қауіпсіздік саласында жасалған жұмыстардан кейін тыйымды алып тастау туралы шешім қабылдады.

Бұл тыйым 2020 жылы  Пәкістан халықаралық әуе компаниясына тиесілі ұшақ апатынан кейін енгізілген еді. Апатта 97 адам қаза тапқан болатын.

Осы оқиғадан кейін Пәкістанда ұшқыштардың лицензиясының жарамдылығына қатысты тергеу басталып, нәтижесінде тыйым күшіне енген.

Ұлыбританияның Әуе қауіпсіздігі комитеті мәлімдемесінде «Тәуелсіз және техникалық негіздегі үдерістің нәтижесінде Пәкістан мен пәкістандық әуе компанияларын Ұлыбританияның Әуе Қауіпсіздігі тізімінен шығару туралы шешім қабылданды» делінген.

Бұл қадам биыл қаңтар айында Пәкістан әуе компаниясының Еуропаға рейстерін қайта бастауынан кейінгі маңызды оқиға болды.

Шешім жеңілдетті

Премьер-министр Шахбаз Шариф бұл тыйымның алынуын «ел үшін маңызды бетбұрыс» деп атап, «Ұлыбританияның Пәкістан әуе рейстеріне салынған тыйымды алып тастауы пәкістандықтар үшін үлкен жеңілдік болды», – деді.

«PIA» әуе компаниясы Ұлыбританияға рейстерін мейлінше қысқа мерзім ішінде қайта бастайтынын және алғашқы рейс Исламабадтан Манчестерге жүзеге асатынын хабарлады.

Аталған тыйым салдарынан компания жыл сайын шамамен 40 миллиард рупий (шамамен 144 миллион АҚШ доллары) көлемінде кіріс жоғалтқан. «PIA» үшін Лондон, Манчестер және Бирмингем бағыттары ең табысты маршруттардың қатарында.

«PIA» өкілі Ұлыбританияға рейстерді қайта бастау үшін дайындықтың аяқталғанын және ұшу кестесінің ұсынылғанын айтты.

Бастапқы кезеңде рейстер аптасына үш рет Исламабад пен Манчестер арасында орындалады деп жоспарланып отыр. Қазір бұл кестені ресми органдардың бекітуі күтілуде.

Іздеу
Зеленский Еуроодаққа үндеу жасады
Терроризмге қарсы күрестегі жеңіс
Марко Рубио мен Қытай Cыртқы істер министрі Малайзияда кездеседі
"Түркия Сребреница геноцидін жоққа шығаратын пікірлерді қабылдамайды"
Пәкістанның оңтүстік-батысында қарулы адамдар тоғыз адамды өлтірді
"Ресей-Украина соғысын тоқтату мүмкіндігін жіберіп алмау керек"
АҚШ, Оңтүстік Корея және Жапония бірлескен әуе жаттығуларын өткізді
АҚШ мигранттарға берілетін көмекті шектеді
Айя-София Ұлы мешітінің ашылғанына бес жыл болды
Түркияның "Türksat" жерсерігі Сирияға интернет тарата бастады
Рубио Лавровқа: «АҚШ Украинаның тығырыққа тірелуіне ашулы» деді
Түркияның Коммуникация басқармасының басшысы болып Бурханеттин Дуран тағайындалды
Қытай Оңтүстік-Шығыс Азияның ядролық қарудан азат аймағы туралы шартқа қол қояды
Хоуситтердің шабуылына ұшыраған кемеден тағы төрт теңізші құтқарылды
Ресейдің Киевке шабуылында екі адам қаза тапты
TRT Global-ға шолу. Пікіріңіз біз үшін маңыз.
Contact us