ТҮРКИЯ
1 минут оқу
«Төңкеріс жасаушыларға, жақтастарына және террористтерге өткел бермейміз”
Парламент спикері Куртулмуш 15 шілде түні опасыз төңкерісшілерге қарсы жасалған қаһармандық әрекетке қатысты «Төңкеріс жасаушыларға, жақтастарына, террористтерге ешқашан рұқсат бермедік, ешқашан да бермейміз” деді.
«Төңкеріс жасаушыларға, жақтастарына және террористтерге өткел бермейміз”
/ AA
8 сағат бұрын

FETÖ-нің 2016 жылы 15 шілдедегі опасыз төңкеріс әрекетінен бері тоғыз жыл өтті.

Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісінің төрағасы Нуман Куртулмуш 15 шілде түні опасыз төңкерісшілерге қарсы жасалған қаһармандық әрекеті туралы әлеуметтік желіде жазба жариялады.

Куртулмуш: «Сүйікті халқымыздың даңқты күні, тарихқа алтын әріптермен жазылған ұлттық қаһармандық дастаны 15 шілде мерейтойында шейіт болған азаматтарды мейіріммен, құрметпен еске алып, отбасылары мен ардагерлерімізге алғыс айтамын.

15 шілде – біздің демократия мен ұлттық ерік-жігерге адалдығымыздың, төңкерістерге қарсы тұруға бел байлауымыздың және жанымызды пида қылып отанымызды қорғауымыздың ең нақты мысалдарының бірі.

15 шілде - демократия мен заң үстемдігін әрқашан қорғауымыз керек екенін еске салатын сабақ, әрі парыз.

15 шілдедегі төңкеріске тойтарыс берген азаматтарымыздың құрбандығы арқасында біз бүгін болашаққа одан да зор үмітпен қараймыз.

Алла осы жолда бірлігіміз бен ынтымағымызды мәңгі етсін.

Төңкеріс жасаушыларға, жақтастарына және террористтерге өткел бермедік, бермейміз де.

Біз 15 шілдедегі дастанды ұмытпаймыз, ұмытылуына да жол бермейміз” деді.

Іздеу
Зеленский Еуроодаққа үндеу жасады
Терроризмге қарсы күрестегі жеңіс
Марко Рубио мен Қытай Cыртқы істер министрі Малайзияда кездеседі
"Түркия Сребреница геноцидін жоққа шығаратын пікірлерді қабылдамайды"
Пәкістанның оңтүстік-батысында қарулы адамдар тоғыз адамды өлтірді
"Ресей-Украина соғысын тоқтату мүмкіндігін жіберіп алмау керек"
АҚШ, Оңтүстік Корея және Жапония бірлескен әуе жаттығуларын өткізді
АҚШ мигранттарға берілетін көмекті шектеді
Айя-София Ұлы мешітінің ашылғанына бес жыл болды
Түркияның "Türksat" жерсерігі Сирияға интернет тарата бастады
Рубио Лавровқа: «АҚШ Украинаның тығырыққа тірелуіне ашулы» деді
Түркияның Коммуникация басқармасының басшысы болып Бурханеттин Дуран тағайындалды
Қытай Оңтүстік-Шығыс Азияның ядролық қарудан азат аймағы туралы шартқа қол қояды
Хоуситтердің шабуылына ұшыраған кемеден тағы төрт теңізші құтқарылды
Ресейдің Киевке шабуылында екі адам қаза тапты
TRT Global-ға шолу. Пікіріңіз біз үшін маңыз.
Contact us