Үндістанда мектеп шатыры құлады: жеті бала қаза тапты
Раджастан штатында болған оқиғада бірнеше оқушының шатырдың үйіндісі астында қалуы мүмкін деген алаңдаушылық бар.
Үндістанда мектеп шатыры құлады: жеті бала қаза тапты
/ Reuters
25 Шілде 2025

Полицияның мәліметінше, Үндістанның батысындағы мемлекеттік мектептің шатыры мен қабырғаларының бір бөлігінің құлауы салдарынан жұма күні кемінде жеті бала қаза тауып, тағы 26 адам жараланған.

Раджастан штатындағы полиция қызметкері Нанд Кишор “AFP” агенттігіне берген сұхбатында: "Осы уақытқа дейін жеті бала қайтыс болды, 26 адам жарақат алды," - деп мәлімдеді.

Апат штат астанасы Джайпурдан шамамен 322 шақырым қашықтықтағы Джалхауар ауданында орналасқан бір қабатты ғимаратта болған. Оқиға кезінде ғимаратта шамамен 60 оқушы, мұғалім және қызметкер болған.

Кишордың айтуынша, ғимарат жұма күні таңертең оқушылар сабақ өтіп жатқан сәтте құлаған.

Жергілікті ауыл тұрғындары дереу оқиға орнына жетіп, көптеген жараланған баланы құтқарып, жақын маңдағы медициналық мекемеге жеткізген.

Жергілікті БАҚ-тың хабарлауынша, бұл ғимараттың апатты жағдайда екені туралы бұған дейін бірнеше рет шағым жасалған. Сонымен қатар соңғы бірнеше күн бойы аймақта қатты жауын-шашын жауғаны да хабарланған.

Хабарларға қарағанда қаза тапқан балалар 8-11 жас аралығында.  Екі оқушының жағдайы аса ауыр.

Хабарларда таратылған видеода ауыр техниканың үйінді мен бетон сынықтарын алып жатқаны көрінді.

Үндістан премьер-министрі Нарендра Моди бұл қайғылы оқиғаға байланысты терең күйзеліске түскенін білдіріп, Премьер-министр кеңсесі “X” платформасында:
"Бұл қиын сәтте зардап шеккен оқушылар мен олардың отбасыларының жанындамын. Жарақат алғандардың тез сауығып кетуін тілеймін. Билік өкілдері зардап шеккендерге барлық қажетті көмекті көрсетіп жатыр," – деді.

Раджастан штатының Білім министрі Мадан Дилавар бұл "өте қайғылы" оқиғаның себептерін анықтау үшін тергеу жүргізілетінін хабарлады.

Дилавар: "Бұл оқиғаның не себепті болғанын анықтау үшін бүгін жоғары деңгейдегі тергеу бастаймын," – деп, жергілікті билік өкілдері жараланған оқушылардың "ем алуын ұйымдастыруда" екенін хабарлады.

Үндістандағы мемлекеттік мектептер созылмалы қаржыландыру тапшылығымен күресуде. Оқушылар мұғалімдердің жетіспеуі, ғимараттардың тозған күйі, таза ауызсу және дәретхана секілді негізгі жағдайлардың болмауы туралы жиі шағымданады.

Соңғы жылдары қалалық аймақтарда жағдай жақсарғанымен, Үндістанның ауылдық өңірлеріндегі өзгерістер баяу қарқынмен жүріп жатыр.

Іздеу
Зеленский Еуроодаққа үндеу жасады
Терроризмге қарсы күрестегі жеңіс
Марко Рубио мен Қытай Cыртқы істер министрі Малайзияда кездеседі
"Түркия Сребреница геноцидін жоққа шығаратын пікірлерді қабылдамайды"
Пәкістанның оңтүстік-батысында қарулы адамдар тоғыз адамды өлтірді
"Ресей-Украина соғысын тоқтату мүмкіндігін жіберіп алмау керек"
АҚШ, Оңтүстік Корея және Жапония бірлескен әуе жаттығуларын өткізді
АҚШ мигранттарға берілетін көмекті шектеді
Айя-София Ұлы мешітінің ашылғанына бес жыл болды
Түркияның "Türksat" жерсерігі Сирияға интернет тарата бастады
Рубио Лавровқа: «АҚШ Украинаның тығырыққа тірелуіне ашулы» деді
Түркияның Коммуникация басқармасының басшысы болып Бурханеттин Дуран тағайындалды
Қытай Оңтүстік-Шығыс Азияның ядролық қарудан азат аймағы туралы шартқа қол қояды
Хоуситтердің шабуылына ұшыраған кемеден тағы төрт теңізші құтқарылды
Ресейдің Киевке шабуылында екі адам қаза тапты
TRT Global-ға шолу. Пікіріңіз біз үшін маңыз.
Contact us