ТҮРКИЯ
3 минут оқу
Түркияда мұражайлар кешке де ашық болады
Түркиядағы Стамбул, Анкара және Газиантеп сияқты басты қалалардағы кейбір мұражайлар түнге дейін ашық болады.
Түркияда мұражайлар кешке де ашық болады
/ AA
3 Маусым 2025

 Өткен жылғы халықтың зор қызығушылығын ескере отырып, Түркия биыл жаз бойы 27 музей мен археологиялық орындарды түнгі уақытта келушілерге ашатын болады.

Бұл бастама 2025 жылдың 1 маусымынан 1 қазанына дейін жалғасады және жергілікті тұрғындар мен шетелдік қонақтарды тарихи және мәдени мұраларды кешкі салқын әрі тыныш уақытта тамашалауға шақырады.

Бағдарлама мәдени туризмді дамытуға бағытталған және күндізгі сапарларға балама ретінде жайлы жағдай ұсынады.

Ең танымал орындардың бірі – ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұралар тізіміне енген Измирдегі Эфес ежелгі қаласы.

Эфес бір кездері әлемнің жеті кереметінің бірі болған Артемида ғибадатханасының қалдықтарымен танымал. Бұл орын әр сәрсенбіден сенбіге дейін жергілікті уақыт бойынша 23:00-ге дейін ашық болады. Ал қалған күндері (жексенбі мен сейсенбі аралығы) таңғы 8:00-ден кешкі 7:00-ге дейін жұмыс істейді.

Бұл орын әлемнің түкпір-түкпірінен келген тарих әуесқойларын өзіне тартады.

Немрут тауы: ежелгі патшалыққа көзқарас

Түркияның оңтүстік-шығысындағы Адыяман қаласындағы Немрут тауына таңғы 4:00-ден 9:00-ге дейін баруға болады. Келушілер таң атқан кезде сондағы монументалды мүсіндерді тамашалай алады.

2 150 метр биіктікте орналасқан бұл орын Коммагена патшасы Антиох I салдырған монументалды эллинистік мүсіндерге ие. Әктас блоктарынан ойылған бұл әсерлі мүсіндер Шығыс пен Батыс арасындағы мәдени көпірді бейнелейді және Антиохтың эллиндік және парсылық мұрасын көрсетеді. 1987 жылы ЮНЕСКО тізіміне енген бұл орын тарих әуесқойлары үшін ерекше тартымды.

Аспендос, Патара, Сиде 22:00-ге дейін ашық

Анталияда танымал туристік орындар, мысалы Анталия музейі, Алания музейі және Некрополь музейі кешкі 22:00-ге дейін ашық болады. Сонымен қатар ежелгі Аспендос, Патара және Сиде қалаларына да осы уақытқа дейін барып көруге болады.

Батысқа қарай жүрсек, Дидимдегі Аполлон ғибадатханасы кешкі 21:00-ге дейін, ал Бодрумдағы Суасты археологиясы музейі кешкі 22:00-ге дейін ашық болады. Денизлидегі ежелгі Иераполис қаласы келушілерді сағат 23:00-ге дейін қабылдайды.

Каппадокия, Галата мұнарасы жұлдызды аспан астында

Стамбулдағы ең танымал музейлердің бірнешеуі түнгі жұмыс бағдарламасына қосылады. Олардың қатарында Стамбул археология музейлері (жабық көрмелерден басқа), Айя-София тарих және тәжірибе музейі, сондай-ақ Түрік және ислам өнері музейі бар, барлығы кешкі 22:00-ге дейін ашық болады. Белгілі Галата мұнарасы келушілерді сағат 23:00-ге дейін қабылдайды.

Каппадокияда, ерекше табиғи ландшафтымен танымал бұл аймақта, Деринкую, Каймаклы және Өзконак сияқты жер асты қалалары, сондай-ақ Зелве-Пашабаглар ашық аспан музейі кешкі 21:00-ге дейін ашық болады.

Анкарада қаланың екі негізгі музейі жұмыс уақытын ұзартады. Ататүріктің бастамасымен құрылған және  ежелгі хетт мұрасын паш ететін Анадолы өркениеттері музейі кешкі 21:00-ге дейін ашық болады. Жақын маңдағы Этнография музейі де кешкі сағат 21:00-ге дейін жұмыс істейді.

Кешкі уақытта ашық болатын басқа тарихи мекендер

Калколит дәуірінен бастап Рим дәуіріне дейінгі артефактілерді сақтайтын Самсун археология және этнография музейі кешкі 22:00-ге дейін ашық болады. Газиантептегі Рим мозаикалары мен мүсіндерінің кең коллекциясын ұсынатын Зеугма мозаика музейі болса кешкі 21:00-ге дейін жұмыс істейді.

Түркияның ең үлкен жабық музейі болып табылатын Шанлыурфа музейі  кешкі 21:00-ге дейін ашық болады. Жақын маңдағы Халеплибахче мозаика музейі де кешкі уақытта келушілерді қабылдайды. Эрзурум музейі де түнгі жұмыс бағдарламасына қосылады, кешкі 21:00-ге дейін ашық болады.

Бұл бастама Түркияның бай тамашалауға мүмкіндік беріп, мәдени туризм тәжірибесін жақсартуға бағытталған.

 

Іздеу
Австралияның оңтүстік-шығысында орман өрттері күшейіп, кең аумақтар жанып жатыр
Израильде әлеуметтік тұрғыда оқшауланған еврейлерді Иран қалай тыңшы ретінде тартты?
Қытайдың Африкадағы ықпалын бұзу күресінде Вашингтон қалай жеңілді?
2024: Газа, Украина және басқа аймақтардағы қақтығыстар жылы
Менің досым Айшенұр әділет пен Палестина бостандығы үшін батыл қорғаушы болды
Израильдің негізін қалаған сионистік лаңкестікке көзқарас
Корея соғысының 70 жылдығы: Оңтүстік Корея халқы әлі де құрметпен еске алатын түрік сарбаздары
Газада бітім: Әлсіз үміт
Израильдің геноцидтік соғысы мұсылмандардан кейін христиандарды да жалмауда
Голан жоталарының маңыздылығы және Израильдің бақылауға алу әрекеттері
Путин: «Егер Украина батыстан ядролық қару алса, Ресей қарудың барлық түрін пайдаланады»
Германия экономикасы неліктен құлдырауда?
Трамп-Нетаньяху қарым-қатынасында жаңа дәуір: адалдық пен шиеленіс
«Өлгім келді»: Асад түрмелерінен аман қалған тұтқын түрмедегі азаптауларды баяндады
Стармер Блэр дәуіріндегі саясатты жаңғыртып, Палестина тақырыбында британдықтардға опасыздық жасауда
TRT Global-ға шолу. Пікіріңіз біз үшін маңыз.
Contact us