САЯСАТ
1 минут оқу
Немістердің көпшілігі Израильге қару-жарақ экспорттауға қарсы
Соңғы сауалнама Германия үкіметіне Нетаньяху әкімшілігінен алшақтау үшін қоғамдық қысымның артқанын көрсетеді.
Немістердің көпшілігі Израильге қару-жарақ экспорттауға қарсы
/ Reuters
27 Мамыр 2025

Израильдің Газадағы әскери операциялары мен палестиналықтарға гуманитарлық көмек көрсетуді шектеуіне байланысты халықаралық сын күшейіп жатқан кезде жарияланған сауалнамаға сәйкес немістердің көпшілігі Израильге қару экспорттауға қарсы.

«Civey Der Tagesspiegel» газеті үшін жүргізілген сауалнамаға қатысшылардың 51 пайызы Израильге қару-жарақ жөнелтуге қарсы екенін көрсетті. Бұл наразылық әсіресе солшыл сайлаушылар арасында айқын көрінді.

Премьер-министр Фридрих Мерц басқаратын христиан-демократтардың 34 пайызы Израильге қару экспорттауға қарсы екенін білдірсе, 22 пайызы бір нақты шешімге келе алмаған. Коалициядағы серіктес социал-демократтардың 48 пайызы Израильге қару-жарақ экспорттауды қате деп санайды.

Сауалнама нәтижесі халықтың премьер-министр Беньямин Нетаньяху үкіметіне қарсы көзқараста екенін көрсетті. Сауалнамаға қатысушылардың 44%-ы Израильге қатысты сыни көзқараста. 2023 жылдың жазында бұл көрсеткіш 33%-ды құраған болатын. Тек 23%-ы ғана Израиль үкіметімен тығыз байланыс орнатуды жақтады.

Сауалнама нәтижесі немістердің үштен екісіне жуығы үкіметтің Газаға гуманитарлық көмекті көбірек жіберуі үшін Израильге қысым көрсетуін қалайтынын көрсетті. 65 жастан асқан респонденттердің төрттен үшке жуығы, 18-29 жас аралығындағылардың 50% ғана Израильге саяси қысымның күшеюін қолдады.

2025 жылдың 23-26 мамыры аралығында жүргізілген сауалнамаға 18 және одан жоғары жастағы 3000-нан астам неміс азаматы қатысты.

Іздеу
Зеленский Еуроодаққа үндеу жасады
Терроризмге қарсы күрестегі жеңіс
Марко Рубио мен Қытай Cыртқы істер министрі Малайзияда кездеседі
"Түркия Сребреница геноцидін жоққа шығаратын пікірлерді қабылдамайды"
Пәкістанның оңтүстік-батысында қарулы адамдар тоғыз адамды өлтірді
"Ресей-Украина соғысын тоқтату мүмкіндігін жіберіп алмау керек"
АҚШ, Оңтүстік Корея және Жапония бірлескен әуе жаттығуларын өткізді
АҚШ мигранттарға берілетін көмекті шектеді
Айя-София Ұлы мешітінің ашылғанына бес жыл болды
Түркияның "Türksat" жерсерігі Сирияға интернет тарата бастады
Рубио Лавровқа: «АҚШ Украинаның тығырыққа тірелуіне ашулы» деді
Түркияның Коммуникация басқармасының басшысы болып Бурханеттин Дуран тағайындалды
Қытай Оңтүстік-Шығыс Азияның ядролық қарудан азат аймағы туралы шартқа қол қояды
Хоуситтердің шабуылына ұшыраған кемеден тағы төрт теңізші құтқарылды
Ресейдің Киевке шабуылында екі адам қаза тапты
TRT Global-ға шолу. Пікіріңіз біз үшін маңыз.
Contact us