Лондонға бағыт алған “Air India” ұшағы Ахмедабадта құлады
Ұшақта 242 жолаушы болған.
Лондонға бағыт алған “Air India” ұшағы Ахмедабадта құлады
/ Public domain
12 Маусым 2025

“Air India” әуе компаниясының “AI171” рейсі Ахмедабадтағы Сардар Валлабхай Пател атындағы халықаралық әуежайынан Лондондағы Гатвик әуежайына бет алғанда апатқа ұшырады.

242 жолаушысы бар “Air India” компаниясына тиесілі ұшақ Үндістанның батысындағы Гуджарат штатының астанасы Ахмедабадта құлады. Бірқатар БАҚ штат полициясына сілтеме жасай отырып, “AI171” рейсімен ұшқан ұшақ Ахмедабадтағы Сардар Валлабхай Пател халықаралық әуежайынан Лондонға бағыт алған кезде апатқа ұшырағанын хабарлады.

Полиция оқиғаның бейсенбі күні ұшақ көтеріле салысымен болғанын растады. “Air India” қысқа баспасөз мәлімдемесінде: “Қазіргі уақытта барлық ақпарат нақтыланып жатыр, жақын арада жаңартылған ақпарат береміз,” деп хабарлады.

Алғашқы мәліметке сәйкес, ұшақ қаланың Мегхани Нагар ауданында құлаған. Әлеуметтік желілерде тараған бейнежазбаларда апат болған жерден қою түтіннің көкке көтерілгені байқалады.

Жергілікті уақыт бойынша 01:38-де көкке көтерілген ұшақ 01:40-та Ахмедабадтағы әуежай маңындағы ғимаратқа соғылды.

Билік өкілдері іздестіру-құтқару жұмыстарын бастап, оқиға орнына көп санда жедел қызмет пен құтқару топтары жіберілді. Үндістанның Азаматтық авиация жөніндегі бас басқармасы апаттың себебіне қатысты жан-жақты тергеу жүргізетінін мәлімдеді.

Оқиға кезінде әуежай маңында болған куәгерлер алдымен қатты жарылыс дауысын естігендерін, содан кейін ұшақтың күрт төмендегенін айтты.

Гуджарат үкіметі апаттан зардап шеккендерге жедел көмек көрсетілетінін мәлімдеді.

Үндістан парламентінің мүшесі әрі бұрынғы крикетші Юсуф Патан “X” желісіндегі парақшасында: “Air India-ның Ахмедабад–Лондон бағытындағы рейсінің апатқа ұшырағаны туралы хабарды ауыр күйзеліспен қабылдадым. Барлық жолаушы мен экипаж мүшелерінің амандығы үшін дұға етемін,” – деп жазды.

Апаттан кейін қаза тапқандар немесе жараланғандар туралы ресми мәлімет әлі жарияланған жоқ.

“Air India” мәліметіне сәйкес, апатқа ұшыраған ұшақта 169 Үндістан азаматы, 53 Ұлыбритания азаматы, 7 португалиялық, 1 канадалық, 2 ұшқыш пен 10 бортсерік болған.

Іздеу
Зеленский Еуроодаққа үндеу жасады
Терроризмге қарсы күрестегі жеңіс
Марко Рубио мен Қытай Cыртқы істер министрі Малайзияда кездеседі
"Түркия Сребреница геноцидін жоққа шығаратын пікірлерді қабылдамайды"
Пәкістанның оңтүстік-батысында қарулы адамдар тоғыз адамды өлтірді
"Ресей-Украина соғысын тоқтату мүмкіндігін жіберіп алмау керек"
АҚШ, Оңтүстік Корея және Жапония бірлескен әуе жаттығуларын өткізді
АҚШ мигранттарға берілетін көмекті шектеді
Айя-София Ұлы мешітінің ашылғанына бес жыл болды
Түркияның "Türksat" жерсерігі Сирияға интернет тарата бастады
Рубио Лавровқа: «АҚШ Украинаның тығырыққа тірелуіне ашулы» деді
Түркияның Коммуникация басқармасының басшысы болып Бурханеттин Дуран тағайындалды
Қытай Оңтүстік-Шығыс Азияның ядролық қарудан азат аймағы туралы шартқа қол қояды
Хоуситтердің шабуылына ұшыраған кемеден тағы төрт теңізші құтқарылды
Ресейдің Киевке шабуылында екі адам қаза тапты
TRT Global-ға шолу. Пікіріңіз біз үшін маңыз.
Contact us