Түркия өзінің ең қуатты дәстүрлі әуе бомбасы “GAZAP”-ты таныстырды. 970 килограммдық осы бомба Стамбулда өткен Халықаралық қорғаныс өнеркәсібі көрмесінде (IDEF) таныстырылды.
“GAZAP” бомбасы Түркияның Ұлттық қорғаныс министрлігінің зерттеу және дамыту орталығында жасалған. Aнадолы агенттігіне сұқбат берген маманның мәліметіне сәйкес, бұл бомба нысанда кішкентай бөлшектерге бөлінеді.
Бұл бомбаның жарылыс әсері өте жойқын және оны F-16 ұшағынан тастауға болады. Бомбаның барлық құжаттары дайын.
“NEB-2” бомбасы: "Ең үздік бункер бұзушы"
IDEF-25 көрмесінде “NEB-2” деп аталатын басқа бір бомба да таныстырылды. Оның салмағы да 970 кг және ол "бункер бұзушылардың ең үздігі" деп сипатталды.
"Әдетте АҚШ-та жасалған бомбалар C35 стандарт бетонды 2,4 метрге дейін теседі. Ал “NEB-2” C50 бетонда (ядролық станцияларда қолданылатын бетоннан үш есе мықты) 7 метрге ене алады," - деді ресми өкіл.