ДДСҰ-ға мүше елдер болашақта пандемиямен күресу үшін тарихи келісімге келді
32 беттен тұратын келісім пандемиямен күресте теңдік, технологияларды бөлісу және ынтымақтастыққа баса назар аудару мәселелерін қамтиды.
ДДСҰ-ға мүше елдер болашақта пандемиямен күресу үшін тарихи келісімге келді
/ AFP

COVID-19 пандемиясы әлемдік денсаулық сақтау жүйесінің маңызды олқылықтарын жарыққа шығарғалы бес жыл өтті. ДДСҰ-ға мүше елдер жаңа жаһандық пандемияға дайындық аясында теңдік, технологияларды бөлісу және ынтымақтастық сияқты мәселелерді қарастыратын 32 беттік келісімге келді.

Үш жылға созылған келіссөз нәтижесінде елдер болашақ пандемиялармен күресу жолдарын анықтайтын маңызды келісім мәтініне қол жеткізді. Бұл келісім Covid-19 дағдарысы кезінде жіберілген қателіктерді қайталамауға бағытталған.

«Бүгінгі түн қауіпсіз әлемге қарай ортақ сапарымыздағы маңызды кезеңді білдіреді. Бүгін Женевада әлем елдері тарих жазды», – деді ДДСҰ басшысы Тедрос Адханом Гебрейесус.

Келіссөздер COVID-19 миллиондаған адамды өлтіріп, экономиканы құлдыратқаннан бес жылдан кейін құс тұмауы (H5N1), қызылша, Мпокс және Эбола сияқты жаңа қауіптерден кейін жүргізілді.

Келіссөздердің соңғы кезеңі АҚШ-тың сыртқы көмекті қысқартуымен және дәрі-дәрмектерге тарифтердің көтерілуіне байланысты кейінге қалған болатын.

Қабылданды

Соңғы минутқа дейін кейбір күрделі мәселелер бойынша келіспеушіліктер жалғасты. Пандемиямен күресте денсаулық сақтау саласында қолданылатын технологияларды дамушы елдерге беруді реттейтін 11-бап бойынша тараптар арасында келіспеушіліктер болды.

Естеріңізде болса, COVID-19 пандемиясы кезінде кедей елдер бай елдерді вакциналар мен сынақтарды таратпады деп айыптады. Ірі фармацевтикалық өнеркәсіптері бар елдер технологиялық жеткізу міндетті емес, ерікті болуы керек деді. Сайып келгенде «өзара келісім бойынша» жасау керек деген бөлімді қосу арқылы бұл кедергіні еңсеруге болатыны байқалды.

Келісімнің негізін фармацевтикалық компаниялармен патогендік мәліметтерді жылдам алмасуға мүмкіндік беретін және сол арқылы пандемияға қарсы өнімдерді әзірлеу процесін жеделдететін Патогендерге қол жеткізу және пайдаларын бөлісу жүйесі құрайды.

«Осы тарихи келісімді дайындау барысында әлем елдері болашақта пандемия қаупін алдын алуға және баршаны қорғауға деген ортақ мақсатын көрсетті», - деді келіссөздердің тең төрағасы Анн-Клэр Ампроу.

Қорытынды мәтін келесі айда өтетін ДДСҰ-ның жыл сайынғы ассамблеясында бекітуге ұсынылады.

Теңдік

ДДСҰ Бас директоры Тедрос Гебрейесус журналистерге қазіргі жобаны «теңдестірілген» деп санайтынын және бұл келісім теңдік әкелетінін айтты.

«Пандемияның алдын алу, дайындық және күресу шараларын үйлестіру қымбатқа түсуі мүмкін болғанымен, әрекетсіздіктің құны әлдеқайда жоғары. Вирус – ең үлкен жау. Ол соғыстан да жаман болуы мүмкін», – деп атап өтті ол.

Шетелдік көмек қаржысын қысқарту арқылы жаһандық денсаулық сақтау жүйесін дағдарысқа ұшыратқан АҚШ келіссөздерге қатыспады.

АҚШ президенті Дональд Трамп қаңтар айында қызметке кіріскеннен кейін БҰҰ-ның денсаулық сақтау агенттігінен және пандемия келіссөздерінен шығуды бұйырды. Алайда АҚШ-тың болмауы және Трамптың фармацевтикалық өнімдерге жоғары тарифтер енгізу қаупі келіссөздерге әсер етіп, өндірушілер мен үкіметтерді алаңдатты. Бірақ нәтижесінде елдер консенсусқа қол жеткізді. Көптеген адам мәтіннің мақұлдануын жаһандық ынтымақтастықтың жеңісі деп санады.

«ДДСҰ-ға мүше елдер бірігіп келесі пандемия қаупін жеңудің жалғыз жолы – бірге жұмыс істеу екенін айтты», – деді Жаңа Зеландияның бұрынғы премьер-министрі және Пандемияға дайындық және әрекет ету жөніндегі тәуелсіз отырыстың төрағасы Хелен Кларк.

Эсватини корольдігінің өкілі «Бұл сәтті тойлап жатқанда, біз жетістіктерімізбен тоқтап қалмауымыз керек. Нағыз жұмыс енді басталады», – деп атап өтті.

Іздеу
Австралияның оңтүстік-шығысында орман өрттері күшейіп, кең аумақтар жанып жатыр
Израильде әлеуметтік тұрғыда оқшауланған еврейлерді Иран қалай тыңшы ретінде тартты?
Қытайдың Африкадағы ықпалын бұзу күресінде Вашингтон қалай жеңілді?
2024: Газа, Украина және басқа аймақтардағы қақтығыстар жылы
Менің досым Айшенұр әділет пен Палестина бостандығы үшін батыл қорғаушы болды
Израильдің негізін қалаған сионистік лаңкестікке көзқарас
Корея соғысының 70 жылдығы: Оңтүстік Корея халқы әлі де құрметпен еске алатын түрік сарбаздары
Газада бітім: Әлсіз үміт
Израильдің геноцидтік соғысы мұсылмандардан кейін христиандарды да жалмауда
Голан жоталарының маңыздылығы және Израильдің бақылауға алу әрекеттері
Путин: «Егер Украина батыстан ядролық қару алса, Ресей қарудың барлық түрін пайдаланады»
Германия экономикасы неліктен құлдырауда?
Трамп-Нетаньяху қарым-қатынасында жаңа дәуір: адалдық пен шиеленіс
«Өлгім келді»: Асад түрмелерінен аман қалған тұтқын түрмедегі азаптауларды баяндады
Стармер Блэр дәуіріндегі саясатты жаңғыртып, Палестина тақырыбында британдықтардға опасыздық жасауда
TRT Global-ға шолу. Пікіріңіз біз үшін маңыз.
Contact us