САЯСАТ
2 минут оқу
Трамп Украинадағы шабуылдан кейін Путиннің «есіргенін» айтты
Трамп соңғы шабуылдарға жауап ретінде Ресейге қарсы санкцияларды ұлғайту мәселесін көтерді.
Трамп Украинадағы шабуылдан кейін Путиннің «есіргенін» айтты
/ AP
26 Мамыр 2025

АҚШ президенті Дональд Трамп Ресей президенті Владимир Путинді сынап, демалыс күндері Украинаға жасалған шабуылдарға байланысты «есірді» деді.

Трамп «Truth Social» платформасындағы жазбасында «Ол есірді. Көптеген адамды босқа өлтіріп жатыр, мен тек сарбаздар туралы айтып отырған жоқпын», - деді.

«Ол Украинаның бір бөлігін ғана емес, толықтай қалайтынын мен үнемі айтып келемін. Мүмкін бұл сөзім шындық, бірақ ол мұны істесе, бұл Ресейдің күйреуіне әкеледі», - деп қосты ол.

Трамп бұл жанжалдан аулақ болуға тырысып, «Бұл Трамптың емес, Зеленский, Путин және Байденнің соғысы. Мен тек үлкен дәрменсіздік пен жеккөрушілікпен басталған үлкен өртті сөндіруге көмектесіп жатырмын», - деді.

Бұған дейін журналистерге берген сұқбатында Трамп Путиннің көптеген адамды босқа өлтіргенін айтты.

Трамп жексенбі күні Нью-Джерсидегі Морристаун әуежайында Вашингтонға қайтар жолда журналистерге «Мен оның мәселесін білмеймін. Оған не болды? Дұрыс па осы? Ол көптеген адамды өлтіріп жатыр. Мен бұған разы емеспін», - деді.

Трамп жексенбі түні Ресей Украинаның бірнеше қалаларға, соның ішінде астанасы Киевке 367 ұшқышсыз ұшақ және зымыранмен жасалған ең үлкен әуе шабуылына наразылық білдірді. Бұл шабуылда кем дегенде 12 адам қаза тауып, ондаған адам жарақат алды.

Трамп үш жылдан бері жалғасып келе жатқан Украина соғысындағы екі тарапты да атысты тоқтату туралы келісімге көндіруге тырысып, өткен апта Путинмен екі сағаттан астам сөйлескен болатын.

«Мен онымен әрқашан тіл табысып келемін, бірақ ол қалаларды зымыранмен шабуылдап, адамдарды өлтіріп жатыр. Бұл маған мүлдем ұнамайды», - деді Трамп. «The Wall Street Journal» «Өткен апта еуропалық көшбасшылармен телефон әңгімесінде Трамп «Путин соғысты тоқтатуға дайын емес, өйткені жеңіске жеткеніне сенетінін айтты»,- деп жазды.

Тағы да санкция бола ма?

Трамп жалғасып жатқан шабуылдарға жауап ретінде Ресейге қосымша санкциялар салу мәселесін көтерді.

Морристаун әуежайында журналистердің сұрағына жауап берген Трамп АҚШ жақында болған зорлық-зомбылыққа жауап ретінде Ресейге қарсы санкцияларды күшейтуді «міндетті түрде» қарастыратынын айтты.

Бұл мәлімдеме АҚШ Мемлекеттік хатшысы Марко Рубионың осы аптада Конгрестегі мәлімдемесіне қайшы келді. Рубио Трамп «егер біз дәл қазір санкциямен қорқыта бастасақ, ресейліктер келіссөзден бас тартатынына» сенетінін айтқан болатын.

Путин Украинадағы үш жылдық оккупациясын тоқтатуға уәде берген жоқ. Тек қана Мәскеудің бейбітшілік талаптарын баяндайтын «меморандум» бойынша жұмыс істеу туралы нақтыланбаған ұсыныс берді.

Іздеу
Зеленский Еуроодаққа үндеу жасады
Терроризмге қарсы күрестегі жеңіс
Марко Рубио мен Қытай Cыртқы істер министрі Малайзияда кездеседі
"Түркия Сребреница геноцидін жоққа шығаратын пікірлерді қабылдамайды"
Пәкістанның оңтүстік-батысында қарулы адамдар тоғыз адамды өлтірді
"Ресей-Украина соғысын тоқтату мүмкіндігін жіберіп алмау керек"
АҚШ, Оңтүстік Корея және Жапония бірлескен әуе жаттығуларын өткізді
АҚШ мигранттарға берілетін көмекті шектеді
Айя-София Ұлы мешітінің ашылғанына бес жыл болды
Түркияның "Türksat" жерсерігі Сирияға интернет тарата бастады
Рубио Лавровқа: «АҚШ Украинаның тығырыққа тірелуіне ашулы» деді
Түркияның Коммуникация басқармасының басшысы болып Бурханеттин Дуран тағайындалды
Қытай Оңтүстік-Шығыс Азияның ядролық қарудан азат аймағы туралы шартқа қол қояды
Хоуситтердің шабуылына ұшыраған кемеден тағы төрт теңізші құтқарылды
Ресейдің Киевке шабуылында екі адам қаза тапты
TRT Global-ға шолу. Пікіріңіз біз үшін маңыз.
Contact us