Анвар Ибрахимнің мәлімдеуінше, Тайланд пен Камбоджа 2025 жылдың 28 шілде күні жергілікті уақыт бойынша түнгі 24:00-де күшіне енетін сөзсіз және дереу бітім жариялауға келісім берген.
Малайзияда өткен араағайындық келіссөздерден кейін Анвар: «Камбоджа да, Тайланд та 2025 жылдың 28 шілде күні жергілікті уақыт бойынша түнгі сағат 24:00-де дереу және ешбір шартсыз бітім жасауға келісті», - деді.
Тайланд Премьер-министрі Паетонгтарн Шинаватра бұл мәлімдемені растап, «Тайланд екі тараптың да бітімді адал ниетпен орындайтынына сенеді және осы келісімді қолдайды», - деп мәлімдеді.
Камбоджа Премьер-министрі Хун Манет болса, бүгінгі келіссөздердің нәтижесі туралы: «Бұл шешім екі елде де жүз мыңдаған адамның өмірінің қалыпты арнаға түсуіне жаңа мүмкіндіктер ашады деп сенемін», - деді.