Ливанның мемлекеттік ақпарат агенттігі “NNA” сәрсенбі күні таңертең Израильдің әскери бөлімшесі Ливанның оңтүстігіне кіріп, бірнеше үйді тінтіп, тұрғындар мен сириялық жұмысшылардан жауап алғанын хабарлады.
Агенттік мәліметіне сәйкес, шамамен 20 израильдік жаяу әскер шекарадағы әл-Аббасие қаласының маңынан Маржайун аймағындағы әл-Мари жазығында орналасқан Рейхана Берри ауданына қарай ілгерілеген.
Сарбаздар қолданылып жатқан және тасталған үйлерде тінту жүргізіп, ливандық азаматтар мен сириялық жұмысшылардан жауап алған. Екі сириялық азамат ұсталып, біраз уақыттан кейін шекараға жақын жерде босатылған.
Сонымен қатар хабарда үш Израильге тиесілі ұшкышсыз ұшу аппаратының Набатие аймағындағы Фруун, Кефр Шуба, Сир әл-Ғарбийе, Каакәят әл-Джиср, Йохмор және Арноун сияқты оңтүстік елді мекендерінің үстінде өте төмен биіктікте шеңбер бойымен ұшқаны хабарланды.
Тағы бір ұшкышсыз ұшу аппараты сәрсенбі күні таңертең Набатие аймағындағы Захрани өңіріндегі Баблие, әл-Лубие, Саксакие және Энсарие қалаларының үстінен төмен биіктікте ұшып өткен.
Әлсіз бітім
Израиль мен Ливандағы Хезболла арасындағы шекара асып кеткен қақтығыстар 2024 жылдың қыркүйек айында толыққанды соғысқа ұласқан болатын.
Қараша айында бітім жасалғанымен Израиль күштері Хизболланың әрекеттерін нысанаға алғандарын алға тартып, Ливанның оңтүстігіне күн сайын дерлік шабуылдарын жалғастыруда.
Ливан билігінің мәліметінше, Израиль тарапынан шамамен 3 000 бітімді бұзу оқиғасы тіркелген, бұл шабуылдарда кем дегенде 258 адам қаза тауып, 562-ден астам адам жараланған.
Бітім келісімі аясында Израильдің 26 қаңтарға дейін Ливанның оңтүстігінен толықтай шегінуі тиіс еді, алайда Тель-Авив бұл шегінуді қабылдамағандықтан мерзім 18 ақпанға дейін ұзартылды. Қазіргі таңда Израиль әлі де шекара бойындағы бес бақылау бекетінде әскери күштерін ұстап отыр.
АҚШ елшісі Том Барак дүйсенбі күні жасаған мәлімдемесінде бітім келісімінің "тиімсіз" екенін айтты.