ТҮРКИЯ
1 минут оқу
Түркияның 26 университеті әлем университеттерінің «QS 2026» рейтингі тізіміне енді
«QS 2026» әлем университеттері рейтингінің алғашқы 500 университет тізімінде Түркияның 6 университеті бар.
Түркияның 26 университеті әлем университеттерінің «QS 2026» рейтингі  тізіміне енді
Four Turkish universities make top 400 in global ranking / AA
20 Маусым 2025

Түркия Жоғары білім кеңесі (YÖK) әлемнің 106 елінен және аймағынан 1500 университетті қамтитын «QS 2026» әлем университеттері рейтингінің тізіміне 26 түрік университетінің кіргенін жариялады.

Түркия рейтингте 20-дан астам университеті бар елдер арасында төртінші орында.

Таяу Шығыс техникалық университеті 269-шы, Стамбул техникалық университеті 298-ші орында болса, әлемнің ең үздік 300 университеті арасында Коч университеті 323-ші және Босфор университеті 371-ші орынға ие болып, алғашқы 400 университет тізіміне кірді. Сабанджы университеті 404-ші, Билкент университеті 415-ші орында. Осылайша 6 түрік университеті әлемнің үздік 500 университетінің қатарына енді.

Хаджеттепе университеті 571-ші, Стамбул университеті 628-ші, Анкара университеті 697-ші, Йылдыз техникалық университеті 736-шы, Гази университеті 915-ші орынға ие болып, рейтингтегі алғашқы 1000 университет тізіміне енді.

«QS Türkiye» есебіне сәйкес, Таяу Шығыс техникалық университеті, Босфор және Стамбул техникалық университеті «Жұмыс беруші беделі» көрсеткіші бойынша әлемнің ең үздік 100 университетінің қатарында. Түркия университеттерінің және Түркияның халықаралық академиялық беделі жылдам артуда.

Түркия Жоғары білім кеңесінің төрағасы профессор Эрол Өзвар «Бұл жетістік кездейсоқ емес. Барлығымыз бірге еңбек еттік. Бұдан да жоғары жетістіктерге жетеміз. Рейтингке енген және аянбай еңбек еткен университеттерімізді құттықтаймын», - деді.

Іздеу
Пәкістанның оңтүстік-батысында қарулы адамдар тоғыз адамды өлтірді
"Ресей-Украина соғысын тоқтату мүмкіндігін жіберіп алмау керек"
АҚШ, Оңтүстік Корея және Жапония бірлескен әуе жаттығуларын өткізді
АҚШ мигранттарға берілетін көмекті шектеді
Айя-София Ұлы мешітінің ашылғанына бес жыл болды
Түркияның "Türksat" жерсерігі Сирияға интернет тарата бастады
Рубио Лавровқа: «АҚШ Украинаның тығырыққа тірелуіне ашулы» деді
Түркияның Коммуникация басқармасының басшысы болып Бурханеттин Дуран тағайындалды
Қытай Оңтүстік-Шығыс Азияның ядролық қарудан азат аймағы туралы шартқа қол қояды
Хоуситтердің шабуылына ұшыраған кемеден тағы төрт теңізші құтқарылды
Ресейдің Киевке шабуылында екі адам қаза тапты
Техастағы су тасқынынан қаза тапқандар саны 119-ға жетті
Израиль шенеунігі: «Егер Хамас қаруын тастамаса, соғыс жалғасады»
Жалғыздықтан сағат сайын 100 адам қайтыс болады
Еуропада аптап ыстықтан 2300 адам қаза тапты
TRT Global-ға шолу. Пікіріңіз біз үшін маңыз.
Contact us