ТҮРКИЯ
1 минут оқу
Ердоған Түркияның ұшқышсыз авиация технологиясында әлемдегі ең мықты  үш елдің бірі екенін айтты
Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған Түркия Республикасының Солтүстік Кипрдің дамуындағы рөліне назар аудара отырып, Түркияның болашаққа деген табандылығын баса айтты.
Ердоған Түркияның ұшқышсыз авиация технологиясында әлемдегі ең мықты  үш елдің бірі екенін айтты
/ AA
4 Мамыр 2025

Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған сенбі күні Лефкошада өткен «TEKNOFEST» фестивалінде сөйлеген сөзінде Түркияның ұшқышсыз ұшатын аппарат  технологиясы бойынша әлемдегі алғашқы үш елдің қатарында екенін мәлімдеді.

Ол бұл салада табандылықпен және үлкен ынтамен алға жылжи беретіндерін баса айтты.

Болашаққа деген сенімін білдірген Ердоған «TEKNOFEST» жастары, Солтүстік Кипрдегі жобаларымыз бен стратегиялық бастамаларымызбен ғасырлар бойы осында өмір сүруді жалғастырамыз» деді.

Түркияның Солтүстік Кипр Түрік Республикасымен (СКТР) берік қарым-қатынасын тағы да қуаттап, "Біз түрік ұлты және кипр түріктері - бұл жерлердің иесіміз. Мұны білмейтіндер білсін, естімегендер естісін" деді.

СКТР президенті Ерсін Татар Түркияның қорғаныс өнеркәсібіндегі жетістіктерін жоғары бағалап, «Түркияның ұлттық қорғаныс өнеркәсібіндегі соңғы жетістіктерінің артындағы мекемелер - бүкіл түркі әлемінің мақтанышы» деді.

Түркияның жетекші технология, авиация және ғарыш іс-шарасы «TEKNOFEST» фестивалінің биылғы шарасы Солтүстік Кипрде өтті.

Іздеу
Зеленский Еуроодаққа үндеу жасады
Терроризмге қарсы күрестегі жеңіс
Марко Рубио мен Қытай Cыртқы істер министрі Малайзияда кездеседі
"Түркия Сребреница геноцидін жоққа шығаратын пікірлерді қабылдамайды"
Пәкістанның оңтүстік-батысында қарулы адамдар тоғыз адамды өлтірді
"Ресей-Украина соғысын тоқтату мүмкіндігін жіберіп алмау керек"
АҚШ, Оңтүстік Корея және Жапония бірлескен әуе жаттығуларын өткізді
АҚШ мигранттарға берілетін көмекті шектеді
Айя-София Ұлы мешітінің ашылғанына бес жыл болды
Түркияның "Türksat" жерсерігі Сирияға интернет тарата бастады
Рубио Лавровқа: «АҚШ Украинаның тығырыққа тірелуіне ашулы» деді
Түркияның Коммуникация басқармасының басшысы болып Бурханеттин Дуран тағайындалды
Қытай Оңтүстік-Шығыс Азияның ядролық қарудан азат аймағы туралы шартқа қол қояды
Хоуситтердің шабуылына ұшыраған кемеден тағы төрт теңізші құтқарылды
Ресейдің Киевке шабуылында екі адам қаза тапты
TRT Global-ға шолу. Пікіріңіз біз үшін маңыз.
Contact us