САЯСАТ
2 минут оқу
БҰҰ Газаны «жер бетіндегі аштық ең көп жайлаған аймақ» деп атады
Ұйым 180 000 паллеттің кіруге дайын тұрғанын, бірақ кедендік рәсімдерден өтіп, төлемдері жасалғанына қарамастан бұл көмектің жолы жабық күйінде қалып отырғанын айтты.
БҰҰ Газаны «жер бетіндегі аштық ең көп жайлаған аймақ» деп атады
/ Reuters
29 Мамыр 2025

 Біріккен Ұлттар Ұйымының Гуманитарлық істерді үйлестіру басқармасының өкілі қазір «жер бетіндегі аштық ең көп жайлаған аймақ» Газада шамамен 180 000 паллет азық-түлік пен өмірге қажетті басқа да гуманитарлық көмектер кіріске дайын екенін айтты.

Ұйым шұғыл түрде аймаққа гуманитарлық көмекті жеткізуге шақырып, қоршаудағы Газаны «жер бетіндегі аштық ең көп жайлаған аймақ» деп сипаттады.

Ұйым өкілі “UN News” арнасына берген сұхбатында: «Қазіргі уақытта шамамен 180 000 паллет азық-түлік пен басқа да өмірге қажетті көмект әлемдегі жер бетіндегі аштық ең көп жайлаған аймақ Газаға кіргізілуге дайын тұр», - деді.

«Бұл заттардың ақшасы әлемдік донорлар тарапынан әлдеқашан төленген. Кедендік рәсімдер аяқталды, бекітілді және жолға шығуға дайын. Біз көмекті бірден, кең ауқымда және қажет болғанша жеткізе аламыз», - деп қосты.

Лерке басқармасының «көмекті бейбіт тұрғындарға қауіпсіз жеткізу үшін қажет барлық құралдары бар екенін» атап өтті.

Наурыз айынан бері Израиль қоршаудағы аймаққа азық-түлік көмегінің кіруін бөгеп, палестиналықтарды аштыққа ұшыратуда.

«Жүйелі жалған ақпарат тарату науқаны»

Осы арада Газадағы жергілікті билік ХАМАС қоймаларда ұн қорын жасырып отыр деген Израильдің мәлімдемесін жоққа шығарып, мұны Тель-Авивтің аштықты соғыс қаруы ретінде қолдану арқылы халықаралық жауапкершіліктен қашуға бағытталған жүйелі дезинформация науқаны деп атады.

Израиль армиясының өкілі Авихай Адраи “X” платформасында Израильдің аштық саясаты салдарынан шарасыз қалған палестиналықтардың БҰҰ қоймасын басып алғанын көрсететін видео жариялады.

Бұған жауап ретінде Газа медиа кеңсесі: «Израиль оккупациясы бейбіт тұрғындарға бағытталған аштық саясатын жасыру үшін жалған ақпарат таратып отыр, ал шын мәнінде халықаралық ұйымдардың палестиналық отбасыларға көмек таратуына бөгет болып отырған Израильдің өзі», - деп мәлімдеді.

Кеңсе бұл қойма БҰҰ-ның Дүниежүзілік азық-түлік бағдарламасына тиесілі екенін растады, бірақ Израиль шындықты бұрмалауға асыққаны ерекше атап өтілді.

Халықаралық ұйымдар Израиль армиясының бағдарламаның ұн мен азық-түлік көмектерін мұқтаж отбасыларға таратуына тосқауыл қойып, көмектердің тек наубайханаларға бағытталуын бұйырғанын хабарлады. Бұл саясат қазір «жасанды аштық» деп аталуда.

Израиль қоршаудағы Газада 54 000-нан астам палестиналықты өлтірді. Олардың басым көпшілігі - әйелдер мен балалар.

Іздеу
Зеленский Еуроодаққа үндеу жасады
Терроризмге қарсы күрестегі жеңіс
Марко Рубио мен Қытай Cыртқы істер министрі Малайзияда кездеседі
"Түркия Сребреница геноцидін жоққа шығаратын пікірлерді қабылдамайды"
Пәкістанның оңтүстік-батысында қарулы адамдар тоғыз адамды өлтірді
"Ресей-Украина соғысын тоқтату мүмкіндігін жіберіп алмау керек"
АҚШ, Оңтүстік Корея және Жапония бірлескен әуе жаттығуларын өткізді
АҚШ мигранттарға берілетін көмекті шектеді
Айя-София Ұлы мешітінің ашылғанына бес жыл болды
Түркияның "Türksat" жерсерігі Сирияға интернет тарата бастады
Рубио Лавровқа: «АҚШ Украинаның тығырыққа тірелуіне ашулы» деді
Түркияның Коммуникация басқармасының басшысы болып Бурханеттин Дуран тағайындалды
Қытай Оңтүстік-Шығыс Азияның ядролық қарудан азат аймағы туралы шартқа қол қояды
Хоуситтердің шабуылына ұшыраған кемеден тағы төрт теңізші құтқарылды
Ресейдің Киевке шабуылында екі адам қаза тапты
TRT Global-ға шолу. Пікіріңіз біз үшін маңыз.
Contact us