Перу соты бұрынғы президент Умала мен жұбайын 15 жылға соттады
Перу соты бұрынғы Президент Ольянта Умала мен оның жұбайы Надин Ередияны қаражатты заңсыз жолмен жылыстатты деген айыппен 15 жылға бас бостандығынан айырды
Перу соты бұрынғы президент Умала мен  жұбайын  15 жылға соттады
/ Reuters
16 Сәуір 2025

 Бұл шешім туралы жергілікті БАҚ сейсенбі күні хабарлады.

 Ұлттық Жоғарғы Соттың судьялары Умала мен Ередияның 2006 және 2011 жылдардағы сайлау науқандарын қаржыландыру үшін бразилиялық құрылыс алпауыты “Odebrecht” пен Венесуэла үкіметінен заңсыз түрде шамамен 3 миллион доллар көлемінде қаражат алғанын анықтады.

Надин Ередия екі сайлау науқанында да Умаланың штабын басқарған. Судья Найко Коронадо заңсыз жолмен алынған қаражатты жылыстатуға бағытталған бірнеше әрекеттің дәлелденгенін айтып, ерлі-зайыптыны дереу қамауға алуға бұйрық берді.

Сот шешімінен кейін Ередия Лимадағы Бразилия елшілігінен саяси баспана сұрады. Перу Сыртқы істер министрлігі бұл өтініштің 1954 жылғы Дипломатиялық баспана туралы конвенция аясында ресми түрде ұсынылғанын растады.

Надин Ередияның бауыры Илан Ередия да осы іс бойынша 12 жыл бас бостандығынан айырылды.

Билік өкілдері Умаланың жазасын Лимадағы Барбадильо түрмесінде өтейтінін растады. Бұл түрмеде бұған дейін де бірқатар бұрынғы президент отырған.

“Odebrecht” жемқорлық жанжалы аясында 20 жылға сотталған Ольянта Умала соңғы 20 жыл ішінде осы іске байланысты түрмеге түскен үшінші Перу президенті болып отыр. Осы істегі тағы бір айыпталушы бұрынғы президент Алехандро Толедо қазір жазасын өтеуде, ал Альберто Фухимори де бірнеше үкім негізінде әлі  қамауда отыр.

Умала мен Ередияға қатысты тергеу “Odebrecht” компаниясының Латын Америкасы бойынша жүйелі түрде пара бергенін мойындауына бір жыл қалғанда, 2015 жылы басталған.

 

Іздеу
Зеленский Еуроодаққа үндеу жасады
Терроризмге қарсы күрестегі жеңіс
Марко Рубио мен Қытай Cыртқы істер министрі Малайзияда кездеседі
"Түркия Сребреница геноцидін жоққа шығаратын пікірлерді қабылдамайды"
Пәкістанның оңтүстік-батысында қарулы адамдар тоғыз адамды өлтірді
"Ресей-Украина соғысын тоқтату мүмкіндігін жіберіп алмау керек"
АҚШ, Оңтүстік Корея және Жапония бірлескен әуе жаттығуларын өткізді
АҚШ мигранттарға берілетін көмекті шектеді
Айя-София Ұлы мешітінің ашылғанына бес жыл болды
Түркияның "Türksat" жерсерігі Сирияға интернет тарата бастады
Рубио Лавровқа: «АҚШ Украинаның тығырыққа тірелуіне ашулы» деді
Түркияның Коммуникация басқармасының басшысы болып Бурханеттин Дуран тағайындалды
Қытай Оңтүстік-Шығыс Азияның ядролық қарудан азат аймағы туралы шартқа қол қояды
Хоуситтердің шабуылына ұшыраған кемеден тағы төрт теңізші құтқарылды
Ресейдің Киевке шабуылында екі адам қаза тапты
TRT Global-ға шолу. Пікіріңіз біз үшін маңыз.
Contact us