28 Шілде 2025
“South China Morning Post” жексенбі күні бұл туралы мәселеге жақын дереккөздерге сілтеме жасай отырып, Пекин мен Вашингтон дүйсенбі күні Стокгольмде басталатын сауда келіссөздері барысында тарифтік "атысты тоқтату" режимін тағы үш айға созуы мүмкін екенін хабарлады.
АҚШ президенті Дональд Трамп жексенбі күнгі мәлімдемесінде «Біз Қытаймен сауда келісіміне өте жақынбыз» - деді.
Трамп Шотландияда Еуропа комиссиясының төрайымы Урсула фон дер Ляйенмен кездесуі алдында журналистерге: “Қытаймен келісімге өте таяу қалдық. Тіпті белгілі бір келісімге келдік деуге болады, бірақ оның қалай жалғасатынын көреміз”, - деді.