Президент Ердоған вице-президент Джевдет Йылмаз, Анкара губернаторы Васип Шахин, Әділет және даму партиясының Анкара депутаты Осман Гөкчек, партияның Анкара қалалық төрағасы Хакан Хан Өзджан және Қызылжахамам әкімі Сүлейман Ажармен бірге Гүлшеннің Қызылжахамамдағы үйіне барды.
Президент Ердоған өзін қарсы алған аудан тұрғындарымен қол алысып сәлемдесті. Одан кейін Мұзаффер Гүлшеннің үйіне барды.
Гүлшен біраз әңгімелесіп, президент Ердоғанға біраз ақша жинағанын және оны Палестина балаларына бергісі келетінін айтты. Президент Ердоған өзінің жеке хатшысы Хасан Доғанға ақшаны Палестина балаларына жолдауды тапсырды.
Шейіт Лүтфи Гүлшеннің ұлы Метехан Гүлшен әкесі мен екі туысқанының Президенттік кешенге жасалған шабуылда шейіт болғанын айтты. Ол өздерінің бұл оқиғаны мақтан ететіндерін білдірді.
Гүлшен: "Алла оларға жәннатты нәсіп етсін. Сіз әрқашан аман-есен жүріңіз. Сізді көргенімізге қатты қуандық" деді.