Германияда пойыз апатынан үш адам қаза тапты
Төтенше жағдай қызметкерлерінің айтуынша, 50 адам жарақат алған.
Германияда пойыз апатынан үш адам қаза тапты
/ Reuters
28 Шілде 2025

«Германияның оңтүстік-батысындағы орманды аймақта аймақтық жолаушы пойызы рельстен шықты, үш адам қаза тауып, бірнеше адам жарақат алды», - деп хабарлайды полиция.

Оқиға жексенбі күні кешкі сағат 18:10 шамасында Баден-Вюртемберг штатының Ридлинген қаласының маңында болды. Пойызда шамамен 100 жолаушы болған.

Билік жарақат алғандардың саны мен олардың жағдайы туралы нақты ақпарат беруден бас тартты, алайда «Bild» басылымы төтенше жағдай қызметкерлеріне сілтеме жасап, 50 адамның жарақат алғанын хабарлады.

Неміс теміржол операторы «Deutsche Bahn» бірнеше адамның қаза тапқанын және көптеген адамның жарақат алғанын растады. Екі вагонның белгісіз себептермен рельстен шығып кеткенін хабарлады.

Оператордың айтуынша, оқиғаның мән-жайы тергеліп жатыр. 40 шақырымдық жол учаскесінде қозғалыс тоқтатылған.

Неміс бұқаралық ақпарат құралдары синоптиктердің мәліметіне сілтеме жасап, дауыл салдарынан болған көшкін  апатқа себеп болуы мүмкін екенін хабарлады.

Жолаушы пойызы Германияның Зигмаринген қаласынан Ульм қаласына бара жатқан кезде орманды аймақта рельстен шығып кеткен.

Ескірген теміржол инфрақұрылымы

Германия канцлері Фридрих Мерц әлеуметтік желіде қаза тапқандардың отбасыларына көңіл айтты.

«Ішкі істер министрімен және Көлік министрімен тығыз байланыстамын және құтқару тобына қолдау көрсетуді сұрадым. Біз қайтыс болғандар үшін аза  тұтамыз. Олардың туыстарына көңіл айтамын», - деді Мерц.

Оқиға орнынан түсірілген бейнематериалдарда сары және сұр түсті пойыз вагондарының аударылғанын, ал өрт сөндірушілер мен төтенше жағдай қызметкерлері жолаушыларды құтқаруға тырысып жатқаны көрсетілген.

Жергілікті «SWR» телеарнасының хабарлауынша, оқиғадан кейін жарақат алғандарды ауруханаларға жеткізу үшін тікұшақтар келген, ал жақын маңдағы ауруханалардан дәрігерлер шақырылған.

Германияның көлік жүйесі жолаушылар тарапынан жиі сынға ұшырайды, себебі ескірген инфрақұрылым салдарынан пойыздар жиі кешігеді және техникалық ақаулар жиі болады.

Үкімет алдағы бірнеше жылда инфрақұрылымды жаңарту үшін бірнеше жүз миллиард еуро инвестиция салуға уәде берді.

2022 жылдың маусым айында Бавария Альпі курортының маңында пойыз рельстен шығып, төрт адам қаза тауып, ондаған адам жарақат алған болатын.

Германиядағы ең ауыр теміржол апаты 1998 жылы Төменгі Саксонияның Эшеде қаласында болды. «Deutsche Bahn» мемлекеттік компаниясының жоғары жылдамдықтағы пойызы рельстен шығып, 101 адам қаза тапқан еді.

Іздеу
Зеленский Еуроодаққа үндеу жасады
Терроризмге қарсы күрестегі жеңіс
Марко Рубио мен Қытай Cыртқы істер министрі Малайзияда кездеседі
"Түркия Сребреница геноцидін жоққа шығаратын пікірлерді қабылдамайды"
Пәкістанның оңтүстік-батысында қарулы адамдар тоғыз адамды өлтірді
"Ресей-Украина соғысын тоқтату мүмкіндігін жіберіп алмау керек"
АҚШ, Оңтүстік Корея және Жапония бірлескен әуе жаттығуларын өткізді
АҚШ мигранттарға берілетін көмекті шектеді
Айя-София Ұлы мешітінің ашылғанына бес жыл болды
Түркияның "Türksat" жерсерігі Сирияға интернет тарата бастады
Рубио Лавровқа: «АҚШ Украинаның тығырыққа тірелуіне ашулы» деді
Түркияның Коммуникация басқармасының басшысы болып Бурханеттин Дуран тағайындалды
Қытай Оңтүстік-Шығыс Азияның ядролық қарудан азат аймағы туралы шартқа қол қояды
Хоуситтердің шабуылына ұшыраған кемеден тағы төрт теңізші құтқарылды
Ресейдің Киевке шабуылында екі адам қаза тапты
TRT Global-ға шолу. Пікіріңіз біз үшін маңыз.
Contact us