Австриядағы мектептегі шабуылда кемінде 9 адам қаза тапты, бірнеше адам жарақат алды
Полицияның мәліметінше, шабуыл Грац қаласындағы Драершютценгассе көшесінде орналасқан бір орта мектепте болған.
Австриядағы мектептегі шабуылда кемінде 9 адам қаза тапты, бірнеше адам жарақат алды
/ AFP
10 Маусым 2025

“Reuters” агенттігі Австрияның “APA” жергілікті ақпарат құралына сілтеме жасап хабарлағандай, Грац қаласындағы мектепке жасалған шабуыл салдарынан кемінде тоғыз адам қаза тауып, бірнеше адам жарақат алған.

Австрияның мемлекеттік “ORF” телеарнасы сейсенбі күні жасаған мәлімдемесінде жарақат алғандардың арасында оқушылар мен мұғалімдер де бар екенін, кейбірінің жағдайы ауыр екенін хабарлады. Күдікті мектеп оқушысының өз-өзіне қол жұмсағаны айтылуда.

Полиция Драершютценгассе көшесінде орналасқан орта мектеп маңында арнайы операция жүргізіп жатқанын, алайда әзірге қосымша мәлімет бере алмайтындарын мәлімдеді.

Грац қаласының полициясы сейсенбі күні мектептен түскен қоңыраудан кейін арнайы жасақтың лицей ғимаратына жіберілгенін, атыс дауыстары естілгенін растады.

Полиция өкілі Сабри Йоргун сағат 10-да түскен шақырудан кейін арнайы жасақтың да мектеп ғимаратына жіберілгенін және оқиғаның мән-жайы анықталып жатқанын айтты.

Австрияның оңтүстік-шығысында орналасқан, шамамен 300 000 тұрғыны бар Грац елі бойынша екінші ірі қала болып табылады.

Іздеу
Зеленский Еуроодаққа үндеу жасады
Терроризмге қарсы күрестегі жеңіс
Марко Рубио мен Қытай Cыртқы істер министрі Малайзияда кездеседі
"Түркия Сребреница геноцидін жоққа шығаратын пікірлерді қабылдамайды"
Пәкістанның оңтүстік-батысында қарулы адамдар тоғыз адамды өлтірді
"Ресей-Украина соғысын тоқтату мүмкіндігін жіберіп алмау керек"
АҚШ, Оңтүстік Корея және Жапония бірлескен әуе жаттығуларын өткізді
АҚШ мигранттарға берілетін көмекті шектеді
Айя-София Ұлы мешітінің ашылғанына бес жыл болды
Түркияның "Türksat" жерсерігі Сирияға интернет тарата бастады
Рубио Лавровқа: «АҚШ Украинаның тығырыққа тірелуіне ашулы» деді
Түркияның Коммуникация басқармасының басшысы болып Бурханеттин Дуран тағайындалды
Қытай Оңтүстік-Шығыс Азияның ядролық қарудан азат аймағы туралы шартқа қол қояды
Хоуситтердің шабуылына ұшыраған кемеден тағы төрт теңізші құтқарылды
Ресейдің Киевке шабуылында екі адам қаза тапты
TRT Global-ға шолу. Пікіріңіз біз үшін маңыз.
Contact us