САЯСАТ
1 минут оқу
Трамп: “Қытаймен келісім аяқталды, Пекин сирек кездесетін жер элементтерін жеткізеді»
АҚШ Президенті Дональд Трамп келісім бекітілгеннен кейін қытайлық студенттердің АҚШ университеттерінде білім алуын жалғастыруға рұқсат етілетінін айтты.
Трамп: “Қытаймен келісім аяқталды, Пекин сирек кездесетін жер элементтерін жеткізеді»
/ Reuters
12 Маусым 2025

АҚШ пен Қытай арасындағы сауда келісімі бойынша жүргізілген келіссөздер нәтижесінде келісімнің "аяқталғанын", бірақ оның күшіне енуі екі ел басшыларының ресми бекітуіне байланысты екені хабарланды.

Трамп сәрсенбі күні “Truth Social” желісінде жариялаған жазбасында АҚШ-тың “55 пайыз, ал Қытайдың 10 пайыз кеден салығын алып тастайтынын” атап өтті.

“Магниттер мен қажетті сирек жер элементтері Қытай тарапынан алдын ала жеткізілетін болады. Сонымен қатар біз де келісімді орындаймыз. Бұл келісімге Қытай азаматтарының біздің университеттерде білім алуы да кіреді (мен үшін бұл әрқашан тиімді болған!)” – деді Трамп. «Қарым-қатынас тамаша!» деп қосты ол.

Трамп кейінірек Қытай Халық Республикасының төрағасы Си Цзиньпинмен бірге «Қытайды америкалық саудаға тарту үшін тығыз ынтымақтастықта жұмыс істейтіндерін» айтты. Ол сөзін: «Бұл екі ел үшін де ҮЛКЕН ЖЕҢІС болады!!!» деп түйіндеді.

АҚШ пен Қытай шенеуніктері осы аптада Лондонда кездесіп, кедендік тарифтер мәселесін талқылады. Лондондағы келіссөздер барысында сирек кездесетін жер элементтерінің экспорты басты тақырыптардың біріне айналды.

АҚШ бұған дейін сәуір айында Қытайға жоғары кедендік салықтар енгізе бастаған, алайда тараптар мамыр айында бұл салықтардың алғашқы 90 күн ішінде кең ауқымда алып тасталуы жөнінде келісімге келген болатын.

Іздеу
Зеленский Еуроодаққа үндеу жасады
Терроризмге қарсы күрестегі жеңіс
Марко Рубио мен Қытай Cыртқы істер министрі Малайзияда кездеседі
"Түркия Сребреница геноцидін жоққа шығаратын пікірлерді қабылдамайды"
Пәкістанның оңтүстік-батысында қарулы адамдар тоғыз адамды өлтірді
"Ресей-Украина соғысын тоқтату мүмкіндігін жіберіп алмау керек"
АҚШ, Оңтүстік Корея және Жапония бірлескен әуе жаттығуларын өткізді
АҚШ мигранттарға берілетін көмекті шектеді
Айя-София Ұлы мешітінің ашылғанына бес жыл болды
Түркияның "Türksat" жерсерігі Сирияға интернет тарата бастады
Рубио Лавровқа: «АҚШ Украинаның тығырыққа тірелуіне ашулы» деді
Түркияның Коммуникация басқармасының басшысы болып Бурханеттин Дуран тағайындалды
Қытай Оңтүстік-Шығыс Азияның ядролық қарудан азат аймағы туралы шартқа қол қояды
Хоуситтердің шабуылына ұшыраған кемеден тағы төрт теңізші құтқарылды
Ресейдің Киевке шабуылында екі адам қаза тапты
TRT Global-ға шолу. Пікіріңіз біз үшін маңыз.
Contact us