“Bloomberg News” агенттігінің қолына түскен ішкі хат-хабарларға сәйкес, “BlackRock” компаниясы Қытайға іскерлік мақсатта сапар шегетін қызметкерлерінен уақытша және қарызға берілген телефондарды қолдануды, ал компанияның ноутбуктарынан аулақ болуды талап еткен.
Хабарда айтылғандай, әлемдегі ең ірі активтерді басқарушы бұл компания қызметкерлеріне компания тарапынан берілген “iPhone” мен “iPad” секілді құрылғыларды қолдануға тыйым салғанын мәлімдеді.
Сондай-ақ компания Қытайда қызметкерлерінің компания ноутбуктарын пайдалануына немесе виртуалды жеке желі (VPN) арқылы қашықтан желіге қосылуға да тыйым салған. Қызметкерлердің жеке мақсаттағы Қытай сапарларында да компания желісіне қосыла алмайтыны айтылған.
“Reuters” бұл жаңалықты растаған жоқ, ал “BlackRock” мәселе бойынша пікір беру туралы сұрауға жауап қайтармады.
Сонымен қатар АҚШ Мемлекеттік департаменті дүйсенбі күні жасаған мәлімдемесінде Қытай үкіметі елге жеке мақсатпен барған, аты-жөні аталмаған АҚШ Патент және Тауар Белгілері Кеңесінің қызметкерінің елден шығуына кедергі жасағанын хабарлады.
Айдың басында “Wells Fargo” банкінде жұмыс істейтін бір банкирдің Қытайдан шығуына рұқсат берілмегені туралы хабар тарады. Пекин үкіметі бұл банкирдің қылмыстық іс бойынша тергеумен байланысты екенін хабарлаған.