САЯСАТ
1 минут оқу
Ресей билік өкілі: «Стамбул Мәскеу-Киев келіссөздерінің басты алаңына айналды»
Мамырдың 16-сы күні Стамбулда Ресей мен Украина үш жылдан кейін алғашқы тікелей келіссөзін өткізді. Екі тарап кең ауқымды тұтқын алмасу туралы келісімге келді.
Ресей билік өкілі: «Стамбул Мәскеу-Киев келіссөздерінің басты алаңына айналды»
/ AA
29 Мамыр 2025

Ресейдің жоғары лауазымды билік өкілі Түркияның мегаполисі Стамбул Мәскеу мен Киев арасындағы келіссөздердің негізгі алаңына айналғанын және екі ел осы айдың басында үш жылдан кейінгі алғашқы тікелей келіссөздерін өткізгенін айтты.

«ТАСС» мемлекеттік ақпарат агенттігінің хабарына қарағанда Ресей Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Сергей Шойгу бейсенбі күні Түркия Ұлттық қауіпсіздік кеңесінің бас хатшысы Окай Мемишпен кездесуінде «Стамбул Қаратеңіз келісіміне, астық келісіміне енді Ресей-Украина келіссөздеріне қатысты барлық саладағы келіссөздердің негізгі алаңына айналуда», - деді.

Хабарда Шойгудың Түркия басшылығына Ресей мен Украина арасында тікелей келіссөздер алаңын қамтамасыз еткені үшін алғыс айтқаны да атап өтілді.

Шойгу «Біз Анкараның делегациялардың жұмыс істеуі үшін ең қолайлы жағдай жасап, қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін айтарлықтай күш салғанын білеміз», - деді.

Ресей мен Украина 16 мамырда Стамбул қаласында үш жылдан кейінгі алғашқы тікелей келіссөздерін өткізіп, екі тараптан жалпы саны 1000 адамды қамтитын ауқымды тұтқын алмасу туралы өзара келісімге келді.

Түркияның ықпалымен өткен бұл кездесу барысында тараптар атысты тоқтату үшін келіссөздерді жалғастыруға келісті.

Іздеу
Зеленский Еуроодаққа үндеу жасады
Терроризмге қарсы күрестегі жеңіс
Марко Рубио мен Қытай Cыртқы істер министрі Малайзияда кездеседі
"Түркия Сребреница геноцидін жоққа шығаратын пікірлерді қабылдамайды"
Пәкістанның оңтүстік-батысында қарулы адамдар тоғыз адамды өлтірді
"Ресей-Украина соғысын тоқтату мүмкіндігін жіберіп алмау керек"
АҚШ, Оңтүстік Корея және Жапония бірлескен әуе жаттығуларын өткізді
АҚШ мигранттарға берілетін көмекті шектеді
Айя-София Ұлы мешітінің ашылғанына бес жыл болды
Түркияның "Türksat" жерсерігі Сирияға интернет тарата бастады
Рубио Лавровқа: «АҚШ Украинаның тығырыққа тірелуіне ашулы» деді
Түркияның Коммуникация басқармасының басшысы болып Бурханеттин Дуран тағайындалды
Қытай Оңтүстік-Шығыс Азияның ядролық қарудан азат аймағы туралы шартқа қол қояды
Хоуситтердің шабуылына ұшыраған кемеден тағы төрт теңізші құтқарылды
Ресейдің Киевке шабуылында екі адам қаза тапты
TRT Global-ға шолу. Пікіріңіз біз үшін маңыз.
Contact us