Нью-Джерсидегі су тасқынынан  2 адам қаза тапты
Билік өкілдерінің айтуынша қысқа уақыт ішінде метро станцияларын су басқан. Су тасқыны кенеттен жауған нөсер жаңбыр салдарынан болған.
Нью-Джерсидегі су тасқынынан  2 адам қаза тапты
/ AA
7 сағат бұрын

Нью-Джерсидегі су тасқынынан екі адам қаза тапты. Қатты дауылдан зардап шеккен Нью-Йоркте көліктер су астында қалып, метро станцияларын су басқан.

Сейсенбі күні толассыз жауған жаңбыр аймақтағы әуежайлар, тас жолдар мен теміржолдардың жұмысын жаппай тоқтатты.

Муницапалитет басшысы Мэр Эрик Адамстың айтуынша, Манхэттеннің Орталық саябағында бір сағат ішінде 5 сантиметрден астам жауын-шашын тіркелген. Бұл бір сағат ішінде тіркелген екінші ең жоғары көрсеткіш болды.

Таратылған бейнежазбалардан дүйсенбі кешке Манхэттеннің Батыс жағалауындағы метро станциясын қоса алғанда бірнеше станцияны су басқанын көре аламыз.

Билік өкілдері кенеттен жауған жауын-шашын салдарынан метро жүйесі тоқтағанын хабарлады.

Нью-Йорк қаласының Қоршаған ортаны қорғау департаментінің комиссары Рохит Аггарвала қаланың ескі кәріз жүйесі сағатына 4,44 сантиметр жаңбырды көтере алатынын, бірақ дауыл кезінде сағатына 10 сантиметр жаңбыр жауғанын атап өтті.

Мэр Адамс бұрын-соңды мұндай жауын-шашынды көрмегенін айтты. Нью-Джерси штатының губернаторы Фил Мерфи штатта төтенше жағдай жариялап, Плейнфилдте екі адамның қаза тапқанын хабарлады. Қаза тапқандар суға батқан көліктен табылды.

Кейбір аймақтарда 2,5 сағаттан аз уақыт ішінде 15,25 сантиметр жауын-шашын тіркелсе, кей жерлерде алғаш рет су тасқыны болғаны хабарланды.

Іздеу
Зеленский Еуроодаққа үндеу жасады
Терроризмге қарсы күрестегі жеңіс
Марко Рубио мен Қытай Cыртқы істер министрі Малайзияда кездеседі
"Түркия Сребреница геноцидін жоққа шығаратын пікірлерді қабылдамайды"
Пәкістанның оңтүстік-батысында қарулы адамдар тоғыз адамды өлтірді
"Ресей-Украина соғысын тоқтату мүмкіндігін жіберіп алмау керек"
АҚШ, Оңтүстік Корея және Жапония бірлескен әуе жаттығуларын өткізді
АҚШ мигранттарға берілетін көмекті шектеді
Айя-София Ұлы мешітінің ашылғанына бес жыл болды
Түркияның "Türksat" жерсерігі Сирияға интернет тарата бастады
Рубио Лавровқа: «АҚШ Украинаның тығырыққа тірелуіне ашулы» деді
Түркияның Коммуникация басқармасының басшысы болып Бурханеттин Дуран тағайындалды
Қытай Оңтүстік-Шығыс Азияның ядролық қарудан азат аймағы туралы шартқа қол қояды
Хоуситтердің шабуылына ұшыраған кемеден тағы төрт теңізші құтқарылды
Ресейдің Киевке шабуылында екі адам қаза тапты
TRT Global-ға шолу. Пікіріңіз біз үшін маңыз.
Contact us